13
январь
2025
жоғары сынып оқушылары арасында жиналыс өткізілді
![]() | ![]() |
Жетісай АПБ ЖПКБ учаскелік полиция инспекторлары полиция подполковнигі Бекмырза Абдурахманов, полиция майоры Бақтыбек Алекенов, полиция аға лейтенанты Ермек Әсілтай, полиция лейтенанты Олжас Сүлейменов және Жетісай АПБ ЖПКБ ЮПТ инспекторы полиция аға лейтенанты Ғалымжан Шонықбаевтар Жетісай қаласындағы «Тұран» атындағы мектеп-гимназияның оқу тәрбие орынбасарлары мен бірге жоғары сынып оқушылары арасында жиналыс өткізді.
Жиналыс – жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу, буллинг-кибербуллинг, лудомания, интернет-алаяқтық, спирттік ішімдік пен есірткі заттардың зияндылығы және жол ережесін қатаң сақтау тақырыптарында болды. Полиция қызметкерлері мұндай зиянды әдеттерге жоламауға, зиянды іс-әрекеттерден аулақ болуға шақырды. «Тұран» мектеп-гимназия" оқушыларына қызықты мәліметтер беріліп, қызықты сұрақтар қойды, учаскелік полиция инспекторлары тарапынан жан-жақты жауаптар берілді. Шара барысында тақырыптар бойынша видеороликтер көрсетілді және оқушыларға арнайы дайындалған жаднамалар таратылды. Сонымен қатар, қазіргі таңда орын алып жатқан оқиғаларға ерекше көңіл бөлінді, яғни жасөспірімдер тарапынан жасалған қылмыстар мен оқиғасына тап болып жатқан оқиғалар туралы қатты назар бөлінді, ол бойынша әкімшілік жауапкершіліктері ескертілді.

