30
декабрь
2024
ТҰҒЫРЫ БИІК ТҰРАННЫҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ЖЕҢІСТЕРІ
![]() | ![]() |
Қазақстандық білім беру жүйесін жаңғырту кезеңінде мектепті басқарудың жаңа тәсілдерін іздеу табыстылықтың көзі. Бүгінгі таңда мектепті басқару үдерісін оның дамуы тұрғысынан қарастырған жөн, өйткені жан-жақты дамыған тұлғаны тек дамып келе жатқан мектеп жағдайында қалыптастыруға болады.
Әлемде болып жатқан технологиялық өзгерістер жалпы білім берудегі, атап айтқанда мектептегі өзгерістерге орасан зор әсер етуде.Демек, білім беру жүйесінде де өзгерістер қажет екеніне тағы бір рет көз жеткіземіз. Ал өзгерісті нағыз көшбасшы-басшы ғана жасай алады.
Ағылшын білім беру профессоры Джон Весборнның айтуынша, көшбасшылық – бұл өзгеріс. Мектептегі инновацияларды басқаруға тоқталсақ, Көшбасшы – басшы үшін мектептің көзқарасы, имиджі, оның даму болашағы болуы маңызды және өзіңіздің және педагогикалық ұжымның барлық жұмысын біртұтас ұжым ретінде осы мақсатқа жетуге бағындыруында. Мақсатқа жетуге көмектесетін бүкіл ұжымға ортақ бір көзқарас. Көшбасшы - басшының міндеті - ұжымға осы мақсатқа жету дағдыларын беру, оларды ынталандыру. «№7 «Тұран» мектеп-гимназия» КММ директоры К.Х.Нартайқызының әріптестерімен жыл басынан атқарған салалы жетістіктеріне тоқталғым келіп отыр.
- Облыстық тамыз кеңесінде мектебіміздің үздік педагог-шебер ұстазы Раймбекова Улжан Кеттешқызы Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды. Қазақстанның ең үздік 50мұғалімі қатарына енді. Ұлжан Кеттешқызының тағы бір жеңісі Қазақстан педагогтері арасында ұйымдастырылған жыл мұғалімі сайысында Қазақстан бойынша ең мықты-50 мұғалімнің қатарына еніп соның ішінде үздік он бестіктің құрамында болды.
- Республикалық педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен өткен "Жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің ІІІ Халықаралық форумына Түркістан облысы Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты "N7 "Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Аралбаев Табиғат Маратұлы қатысты.
-Аудандық тамыз кеңесінде география пәні мұғалімі Надиров Нурсултан Сабырович Облыстық Біліс Басқармасының басшысы Ж.Маханбетовтың Алғыс Хатымен марапатталды.
- «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауында 8Б сынып оқушысы Жарылқасын Асылжан Алғыс Хатпен марапатталды. Жетекшісі: Химия пәні мұғалімі Тулентаев Алғабас.
- «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауында 11В сынып оқушысы Сәрсенбай Абылайхан ауданнан І орын иеленіп облысқа жолдама алды. Жетекшісі: Информатика пәні мұғалімі Қарсақбаева Айгул.
- «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауында 11В сынып оқушысы Абилхайр Ақзере ауданнан І орын иеленіп облысқа жолдама алды. Жетекшісі: Физика пәні мұғалімі Бижигитова Нуржамал.
- 2024-2025 оқу жылында жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңінде 11 А сынып оқушысы Серік Дидар ауданнан ІІ орын иеленді. Жетекшілері: Биология пәні мұғалімі Аралбаев Табиғат, химия пәні мұғалімі Тулентаев Алғабас
- Облыстық пәндер шығармашылық топ өкілдеріне 2024-2025 оқу жылында мектебімізден орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Раимбекова Улжан Кеттешқызы, химия пәні мұғалімі Тулентаев Алғабас Нураллауғли және биология пәні мұғалімі Аралбаев Табиғат Маратұлы шығармашылық топ мүшелігіне енді.
- «Менің шағын-Отаным» атты Республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңінде 10 Ә сынып оқушысы Ерубай Еңлік ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Наханова Гулмира
- 14.10-24.10.2024 ж күндері аралығында Бастауыш сынып пен мектепалды даярлық тобының онкүндігі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
- «Ақберен» Республикалық сайысының аудандық кезеңінде 9 А сынып оқушысы Сәрсенбай Асем ІІ орын, 10 Ә сынып оқушысы Низамиддин Нұрсұлу ІІ орын, 10 В сынып оқушысы Оразходжа Гулназ ІІ орын және Хожакелді Әсемай Алғыс Хатпен марапатталды.
- 17.10.2024ж күні Мақтарал ауданында Облыстық семинарда география пәні мұғалімі Надиров Нұрсұлтан «PISA тапсырмаларын пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында шебер сынып өтті.
- 21.10.2024ж күні Ғани Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық техникалық коллеждінде биология пәні мұғалімі Аралбаев Табиғат Маратұлы «Функционалдық сауаттылықты арттырудағы жасанды интеллектінің рөлі» тақырыбында шебер сынып өтті.
- Республикалық «Оңтүстік Қазақстан» газеті ұйымдастырған байқауда 9Ә сынып оқушысы Оразбай Ерасыл мен 11Ә сынып оқушысы Балқыбек Ұлжалғас жеңімпаз атанды. Жетекшісі Раимбекова Улжан.
- «DARYN TEASHER» Халықаралық оқуының бірінші, екінші және үшінші кезеңі жеңімпазы химия пәні мұғалімі Тулентаев Алғабас жеңімпаз атанып Малайзия мен Сингапурде тағылымдамадан өтті.
- 04.11.2024ж күні Түркістан облысы білім басқарамасының бұйрығымен 14 мұғаліміміз педагог-зертттеуші санатын, Жетісай ауданы білім бөлімінің бұйырығымен 8 мұғалім педагог-сарапшы санатын иеленіп куәліктері табысталды.
- Менталды арифметикадан үш оқушымыз Жандарбек Інжу, Беркімбай Асылзат, Орынбай Мадияр Дубай қаласында өткен халықаралық жарыста жеңімпаз атанды.
- Аудандық педагогикалық идеялар фестивалі сайысында биология пәні мұғалімі Аралбаев Табиғат І орын иеленді. Математика пәні мұғалімі Акжигитова Жанар І орын иеленді. Бастауыш сынып пәні мұғалімі Оспанова Айша І орын иеленді. Құқық пәнінен Юнусов Нұрбек Алғыс Хатпен марапатталды. Дене шынықтыру пәнінен Умаров Бахыт Алғыс Хатпен марапатталды.
- Республикалық 5 сыныптар бойынша олимпиаданың аудандық кезеңінде математика пәнінен Мэлсұлы Арсен ІІ орын иеленді. Жетекшісі Жақып Мақсат.
- Республикалық 5 сыныптар бойынша олимпиаданың аудандық кезеңінде жаратылыстану пәнінен Мадибек Жанерке ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Дауылбаева Азиза
- 21.11-22.11.2024 Астана қаласында «Қазақстан мұғалімі-2024» халықаралық самитіне Раимбекова Улжан бастаған 9 мұғалім қатысып өз тәжірибелерін бөлісті.
- Облыстық Педагогикалық идеялар фестиалі сайысында биология пәні мұғалімі Аралбаев Табиғат І орын иеленіп Республикалық кезеңге жолдама алды. Математика пәні мұғалімі Акжигитова Жанар Алғыс Хатпен марапатталды.
- 25.11.2024ж күні мектебіміздің бастауыш сынып пәні мұғалімдері «Цифрлы білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушылардың әлеуетін дамыту» тақырыбында аудандық семинар өтті.
- Аудандық 2-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» ғылыми жобалар сайысында 12 бағыт бойынша қатысып 9 бағыт бойынша жеңімпаз атанып облысқа жолдама алған болатын ІІ орын иеленген екі жұмыс және ІІІ орын иеленген бір жұмыс марапатталды.
- Облыстық 2-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» ғылыми жобалар сайысында 9 бағыт бойынша: орыс тілі мен әдебиеті бағыты бойынша Абиш Нұрым мен Абиш Бегім І орын иеленіп Республикаға жолдама алды. Математика бағыты бойынша Мэлсұлы Арсен І орын иеленді. Экология бағыты бойынша Хожакелді Әлихан ІІ орын иеленді. Дәл осы бағыттың жоғары сыныбында Беркімбай Асылзат пен Абдилкаримұлы Мухтар ІІ орын иеленді.Информатика бағыты бойынша Айтуған Айсұлтан ІІІ орын иеленді. Туризм бағыты бойынша Давуд Динара ІІІ орын иеленді.Физика бағыты бойынша Айткул Аякөз ІІ орын иеленді.
Орыс тілі мен әдебиеті бағыты бойынша Асилхан Жансезім мен Керимхан Айару ІІІ орын иеленді. Этномәдениеттану бағыты бойынша Хасан Ұлмира Алғыс Хатпен марапатталды.
- Жоғары сынып оқушылары арасында ұйымдастырлған облыстық ғылыми жобалар сайысында математика бағыты бойынша Оразходжа Гулназ І орын иеленді. Жетекшісі Құдасова Ақмарал.
- 9-11 сынып оқушыларына арналған аудандық олимпиададан физика пәнінен Оразходжа Гулназ ІІ орын, информатика пәнінен Жақсылық Нурислам ІІ орын, математика пәнінен Роман Ерболат ІІ орын,география пәнінен Бекмырза Сымбат ІІІ орын, биология пәнінен Нарал Дияс ІІ орын, құқық пәнінен Отансүйер Эсма ІІ орын, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Абдиразақ Балнұр ІІ орын, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Низамиддин Нұрсұлу ІІ орын, химия пәнінен Сәрсенбай Асем І орын иеленіп облысқа жолдама алды.
- ХХІ ғасыр көшбасшысы облыстық сайысында 11 Ә сынып оқушысы Мухтар Айнұр І орын иеленді. Жетекшісі Аралбаев Табиғат Маратұлы.
- Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде 7-8 сыныптар арасында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Нұржігіт Дария ІІІ орын, химия пәнінен Абусейт Жанболатқожа ІІІ орын, физика пәнінен Айткул Аякөз ІІ орын, Ағылшын тілі пәнінен Алдияр Аружан ІІ орын, химия пәнінен Жарылқасын Асылжан ІІ орын, Биология пәнінен Исан Нұрсауле ІІІ орын, география пәнінен Камал Марлен Алғыс Хатпен марапатталды.
- Облыстық «Ыбырай жазулары» атты жазба жұмыстары байқауында ағылшын тілі пәні мұғалімі Алимкулова Маржан І орын иеленді.
- Облыстық Педагогикалық идеялар фестивалі сайысында география пәні мұғалімі Надиров Нұрсұлтан ІІІ орын иеленді.
- Республикалық Хан телеарнасында мектебіміздің тыныс-тіршілігі туралы арнайы репортаж жасалынды.
- Үздік авторлық бағдарлама сайысынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Балтабай Роза ІІІ орын, география пәні мұғалімі Надиров Нұрсұлтан ІІІ орын иеленді.
- Жетісай ауданы әкімдігі ұйымдстыруымен өткен «Жыл үздігі-2024» номинациясын химия пәні мұғалімі Тулентаев Алғас аудан әкімі С. Мамытовтың Алғыс Хатымен марапатталды.
- Ж.Аймауытовтың туғанына-135 жылдығына орай «Ұрпағы ұлықтаған ұлы тұлға» тақырыбындағы қалалық конференцияда Балтабай Роза ІІ орын иеленді.
- Жетісай ауданы Жастар Ресурстық Орталығы ұйымдастырған «Жыл белсенділері-2024» номинациясын биология пәні мұғалімі Аралбаев Табиғат Маратұлы аудан әкімі С. Мамытовтың Алғыс Хатымен марапатталды.
-Жылдың ең үздік химия пәні мұғалімі іс шарасында Тулентаев Алғабас номинацияны жеңіп алды.
-Жылдың ең үздік биология пәні мұғалімі іс шарасында Аралбаев Табиғат номинацияны жеңіп алды.
Х.Нартайқызының басшылығымен мектебімізде, жоғарыда айтылған мәселе бойынша да келелі істер атқарылуда. Қорытындылай келе ойымды ұжым басшысының сөзімен аяқтасам: «Басшы - ұжымдағы сенімнің қамқоршысы. Сенетін адамдар не істеу керектігін білуі және өз істеріне жауапкершілікпен қарауы, жауапкершілікке ие болуы керек. Көшбасшы ретінде көшбасшы өзгерістерді жүзеге асыруда басқаларға сене алады және сенуі керек. Қазіргі мектеп – бұл ашық ұйымдастырушылық жүйе. Кез келген жүйе сияқты, мектеп тұтастық, мақсаттылық, басқарушылық, ашықтық, қоғаммен байланыс, өзін-өзі дамыту қабілеті сияқты қасиеттермен сипатталады. Осы ерекшеліктерді ескеру тиімді басқарудың маңызды шарты болып табылады. Егер мен көшбасшы ретінде үнемі білім алып отырсам, әріптестерімнің білімін қадағалап отырсам, әріптестеріммен диалог жүргізсем, жақсы жаққа өзгерістер болатынына сенімдімін!» Хадиша Нартайқызы.
«№7 «Тұран» мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
директордың міндетін уақытша атқарушы
Кожбанова Хадиша Нартаевна

