28
декабрь
2024
ЖЫЛ БЕЛСЕНДІЛЕРІ-2024 ЖЕҢІМПАЗЫ АРАЛБАЕВ ТАБИҒАТ МАРАТҰЛЫ.
![]() | ![]() |
ЖЫЛ БЕЛСЕНДІЛЕРІ-2024 ЖЕҢІМПАЗЫ АРАЛБАЕВ ТАБИҒАТ МАРАТҰЛЫ.
27.12.2024ж күні Жетісай ауданы Мәдениет үйінде Жетісай ауданы Жетісай Жастар Ресурстық Орталығының ұйымдастыруымен "ЖЫЛ БЕЛСЕНДІЛЕРІ-2024" іс-шарасы өтілді. Іс-шараға ауданымыздағы 14-35жас аралығындағы әртүрлі саладығы жыл белсенділері жиналды.
Ұстаздық жолда жыл белсендісін марапаттау — бұл мұғалімнің еңбекқорлығы, оқушыларға деген ықыласы және кәсіби жетістіктерін жоғары бағалау. Марапаттау кезінде айтылатын тілектер мұғалімнің еңбек жолын құрметтеу мен оның білім беру саласына қосқан үлесін мадақтауға бағытталуы тиіс.
Жаңашылдық, жаңалықпен таң қылып,
Жаңарудан атар әркез таң күліп.
Бірлік, білім ұстай білсек тізгінін,
Сонда ғана ел боламыз мәңгілік.
Даму үшін біз рухани жаңғырып,
Болу үшін отыз елдің алды нық.
Болсын десек Шәкәрімдей шәкіртім.
Біз Абайдай ұстайықшы арды нық...
деп алдына жоғары мақсаттарды қоя білген жылдың қорытындысы бойынша Білім саласының үздігі оқушыларға терең білім мен түрлі іс-шараларды ұйымдастыруда белсенділік танытқан "N7"Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің биология пәні мұғалімі Аралбаев Табиғат Маратұлы "Жыл белсенді-2024" мараптын аудан әкімі С.Мамытовтың марапатымен марапатталды. Ұйымдастырушы Жастар ресурстық орталығына алғыс білдіреміз.

