РАҚМЕТ САҒАН, ӘЛІППЕ! » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
декабрь
2024

РАҚМЕТ САҒАН, ӘЛІППЕ!




 "№7 "Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде РАҚМЕТ САҒАН, ӘЛІППЕ!-атты
1"А" 1"Ә" сынып оқушылары 
     Алғашқы әріп үйреткен,
    Білімімен тербеткен ,
    Әріптердің мекені,
    Хош бол менің Әліппем!-деп келесі кезеңге қадам жасады.
Осыдан төрт ай бұрын мектепке келген бүлдіршіндерді сынып жетекшілері Гулжамал Претова мен Айнур Башарова ұстаздарымыз қабылдап алған еді. Мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған, бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппеден алған білімдері шыңдалғанын көрсетті. Әрі қарай "АНА ТІЛІ" оқулығына көшетін кезі де жетті. Іс-шараның басын мектеп директоры Хадиша Кожбанова, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мамраимов Мәлік,  директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Ақтаев Мұхтар ағайдың  ашылуымен бастау алып,  әріғарай іс-шара соңы мектеп директорының Мақтау қағаздарымен аяқталды. Ата-аналардан қорытынды сөз барысында
Гулжамал ұстазымыз бен Айнур ұстазымыздың КЕРЕМЕТ ұйымдастырған іс-шарамен алған білімдеріне АЛҒЫСТАРЫН БІЛДІРДІ.