21
декабрь
2024
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА
![]() | ![]() |
ҚЫЗДЫҢ КӨРКІ БҰРЫМДА.
ЖІГІТТІҢ, ҚЫЗДЫҢ КӨРКІ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕ.
№7 " Тұран“ мектеп- гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Қыздың көркі бұрымда. Жігіттің, қыздың көркі ұлттық киімде” атты әсерлі тарихи, танымдық, этнографиялық іс - шара өткізілді.
Іс- шараның мақсаты- қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау ақылы қазақтың ұлттық киім кию үлгісін заманауи жаңғырту.
Іс - шараға Жетісай қаласы " Ардагерлер кеңесінің мүшесі Асылбеков Талдыбай ағай.
Жетісай аудандық "Аналар кеңесінің мүшесі Жетісай ауданының құрметті азаматы , "Шаңырақ" клубының жетекшісі Өмірбай Камира Сламбекқызы.
Жетісай қаласының белсенді ардагері Жүнісбеков Сейсенбай ағай және де көптеген қонақтар келіп қатысты.
Іс - шараға барша қатысушылар, ата - аналар, оқушылар адамның көз жауын алатын әдемі ұлттық киімдер киіп, қолдарына сәнді зергерлік бұйымдарын, бұрымды қыздар шаштарына шашбау тағып келді.
Іс - шара барысында көрсетілген бейнефильм көрсетіліп ақпарат берді.
Ұлттық киім - ұлт ажары. Ұлттық киімдердің, зергерлік бұйымдардың, бұрым сән көрсетілумнен бастадық - дефиле. Тарихи, танымдық - этнографиялық сән көрсетілімі көз жауын алды. Бұрымдары өріліп, төгіліп тұрған қыздар сахнаға шыққанда жарқыраған күміс, маржан шашбауларына, шолпыға, шаштеңгеге, сыңғырлаған сырғаларына, ұлттық киімдеріне сүйсінді.
Ал, Отбасы ұлттық киім шеруіне де қызыға қарады.
Қазақтың ең әдемі киімі - ұлттық киім !
Қазағымыздың баға жетпес байлығы - сәнді ұлттық киімдер, күміс зергерлік бұйымдар !
Ата шапан, тахия, айырқалпақ, бөрік кигенде жарасады, әже, апа, қыздар камзол, кимешек, тахия кигенде жарасады. Ұлттық киім - жігіттің, қыздың көркі.
Қазақтың бұрымды қыздарын әлемге көрсетуге лайықты !
Ұлттық құндылықтарымызды бірге ұлықтайық, насихаттайық !
Іс - шарада Қазыбек би ауылдық округіндегі әжелер алқасының төрайымы Гүлжахан Оңласбекқызы Кәрімбаева мәнерлеп өлендерін оқып, жергілікті бұл - бұл әншіміз, Ынтымақ ауылдық округіндегі әжелер алқасының төрайымы Алима Жолдыбаевамен бірге “Қыздарға әсемдік жарасады” әнін нақышына келтіріп орындады.
Іс - шарада сөйлеген ардагерлер, әжелер, аналар, ұстаздар жоғары деңгейде өткеніне ризашылыштарын білдірді.

