"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы бойынша » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
декабрь
2024

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы бойынша




Жетісай ауданы Білім Бөліміне қарасты "N 7 "Тұран"мектеп-гимназия" КММ-сінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы бойынша  "Мамандығым-болашағым" жобасы аясында мектебіміздің кәсіптік бағдар беру педагогы Кенжебекова Сауле мен мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалдарбеков Ерболаттың ұйымдастыруымен "Мамандығым-мақтанышым" атты әр салада қызмет жасап жүрген мектебіміздің түлектерімен кездесу кешін өткізді. Кездесудің мақсаты:оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауда бағыт-бағдар беру арқылы оқушылардың мамандықтар туралы таным көкжиегін кеңейту.  Үлкен өмірге қадам басқалы тұрған әрбір жастың көкейінде "Болашақта кім боламын?" деген сұрақ тұратыны анық. Сол ойларында жүрген сан сұрақтарға жауап алу мақсатында осындай кештер өткізудің маңызы зор.Кешіміздің қонақтары Сарсеков Тұрар ағай- ардагер ұстазымыз, Исабаев Ерғали- аудандық аурухананың инсульт бөлімінің меңгерушісі, Махатов Ғабит-ағылшын тілі мұғалімі, курс тренері, Жұманов Жандарбек- Дарын мектебінің ұстазы, белгілі асаба, Айтуған Азамат- аудандық прокуратураның прокуроры. Түлектермен қызықты сыр-сұқбат жүргізілді. Оқушылар мамандық туралы ойларында жүрген сұрақтарын қойып, қонақтарымыздың ақыл-кеңестерін тыңдады.Қонақтарымыз бала күнгі армандары жайлы, осы мамандықтарына қалай келгендері туралы әңгімелеп беріп, өздерінің ақыл-кеңестерін айтты. Қонақтармен қызықты ойындар ойнатылды. Кешіміз керемет дәрежеде өтті.