02
декабрь
2024
Дарынды жас ғалым.
![]() | ![]() |
Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі» дегендей,Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында дарынды баламен жұмыс жүргізуге ерекше назар аударылуда. Балаларды ғылыми-ізденіске, ғылыми жоба қорғауға баулу арқылы білімдерін тереңдету ісі жүріп жатыр. Оны - әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы тұлғаны дамыту аймағына кіргізу мақсатындағы бір қадам деп есептеуге болады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту – оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін де естен шығармау қажет.
“Бала ғылым жолын қусын десең, бесігінде - ақ ғылым шоғын көсе”- деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, шәкірттеріміз бірнеше жыл қатарынан Республикалық жас зерттеушілердің “Зерде” ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстары сайысының жүлдегерлері атануда. Биыл да дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткізілген жас зерттеушілер бақ сынасқан Республикалық “Зерде “ сайысының облыстық кезеңіне №7 “Тұран” мектеп-гимназия 5 “Ә” сынып оқушысы Мэлсұлы Арсен “Экономиканы-экологиялық таза қала ұйымдастыруда, қоқыстан энергия, жарық, өнім алу технологиясын есептеу алғы шарттары” тақырыбында ғылыми жобасын қорғап, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі математика пәні мұғалімі Жақып Мақсат Пардаходжаұлы.
Болашақ жас ғалымды, дайындаған жетекші ұстазды , ата-аналарын жеңісімен құттықтаймын! Білім ,ғылым жолында ізденіс, табыс, жетістіктер тілеймін!
Математика пәні әдіскері Алимбетова Айгуль Тасовна

