26
ноябрь
2024
NOBEL FEST Teacher Sammit
![]() | ![]() |
Болмасаң да ұқсап бақ
Бір ғалымды көрсеңіз
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз "- деп Абай Құнанбайев атамыз айтқандай.
Адам мен адам бекер жолықпайды кездей соқ деген дүние жоқ. Өз білгенімен үнемі бөлісіп жүретін мектебіміздің мақтанышы Қазақстанның Үздік ТОП-50 мұғалімдерінің қатарында Ұлжан Кеттешқызы мен мектеп ұжымының қолдауымен Астана қаласында Назарбаев университетінде өтілген NOBEL FEST және Teacher Sammit фестиваліне қатысып қайттық. Саммит жоғары дәрежеде өтілді.
Саммитке Қазақстандағы танымал қоғам қайраткері, саясаттанушы, білім саласының сарапшысы және реформатор- Саясат Нурбек қатысты.
Қазақстанның кәсіпкер, бизнес - тренер мотивациялық спикер және қоғам қайраткері - Мақсат Құрбенов қатысты.
Сонымен қатар Михайл Лабковский, Сестра Зеф, Кейшиа Тора т.б шет елден келген қонақтарда қатысты.

