13
ноябрь
2024
«Аяулы күз,алтын күз»
№7 «Тұран мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында «қала күні» мерекесіне орай кітапханада ұйымдастырылған бастауыш сыныптары арасында «Аяулы күз,алтын күз» атты сурет салу байқауы болып өтті.
Мақсатымыз .Болашақ ұрпағымыздың Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін сурет салу арқылы жеткізе білу.
Байқауымыз өз деңгейіне жетті.Сурет байқауына оқушылар белсене қатысып,марапатталды.
Оқырмандарымыз сурет салу барысында ойды дамытып қана қоймай ,сұлулыққа үндейтін өнер түрімен сусындай білді.,балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыруға ,шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.Күздің сұлулығын өз суреттерінде шеберлікпен бейнеледі.
Кітапханаға келіңіздер кітап сүйер қауым.
Балалар кітапханасы жобасы аясында кітап әлемінде бізбен бірге болыңыздар.
Мектеп кітапханашысы Гүлмира Серікбаева.