Кинотеатрға жолдама » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
ноябрь
2024

Кинотеатрға жолдама


Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Аденова Зауреш Амалбекқызы және "Көркемсөз"  үйірме жетекшісі Абжанова Шынар Сапарәліқызының  ұйымдастыруымен 5-6- сыныптар арасында "Жаңылдырсаң да жаңылмаймын" тақырыбында жаңылтпаштар білгірлері байқауы өз мәресіне жетті.
Әр аптадағы байқау жеңімпаздары ақтық мәреде бақ сынасып, жеңімпаз анықталды. Оқушылар қазақ халқының ауыз әдебиетінің бөлінбес бөлігі болып табылатын жаңылтпаштарды терең білетіндерін дәлелдеді.
Сайыстың мақсаты мен міндеті: Жас оқырмандардың халық ауыз әдебиеті шығармасының түрі - жаңылтпашпен таныстыру және халық шығармасының бұл түрінің мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуін және ойлау қабілетін, тілін дамыту.
Жүлделі орын алған білім алушыларымыз Алғыс хаттармен марапатталып, бас жүлде иегері, 6 «А» сынып оқушысы Мұрат Ботагөз кинотеатрға екі жолдама алды.
Дарынды  оқушыны анықтау, оқушыларды білімді, жан - жақты болуға, жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға  үйрететін сайыстар екінші тоқсанда да жалғасын табады деп жоспарлап отырмыз.