06
ноябрь
2024
🏆 ЖЕТІСАЙ: ЖАНДАРБЕК ІНЖУ - “GENIUS INTERNATIONAL COMPETITION 2024” ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ СУПЕР ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
![]() | ![]() |
БАӘ Абу-Даби қаласында «Genius Kids» орталығының ұйымдастыруымен менталды арифметикадан халықаралық олимпиада өтті.
Халықаралық олимпиадаға әлемнің 12 мемлекетінен оқушылар қатысты. Аталмыш олимпиадаға Түркістан облысы, Жетісай ауданының “Smart English” орталығынан 14 оқушы қатысып, Франция, БАӘ, Ресей, Әзербайжан, Белгия т.б мемлекеттерден келген оқушы жастармен бақ сынасты.
Халықаралық деңгейде өткізілген байрақты бәсекеде бақ сынаған Түркістан облысының білімді жастары топ жарып, жүлделі орындарға ие болды. Сондай-ақ Жандарбек Інжу Нұрланқызы халықаралық олимпиаданың “Супер чемпионы” атанды.
Білімді жастардың талабын шыңдап, өңір жастарының биіктен белестерді бағындыруына мүмкіндік сыйлаған Ярмаматова Нургуль ханым мен Ярмаматов Нурмухаммед мырзаға алғысымызды білдіреміз.

