БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТ сайлауы өткізілді. » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТ сайлауы өткізілді.
19
октябрь
2024

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТ сайлауы өткізілді.





Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты "№7 "Тұран" мектеп-гимназия " коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 19.10.2024ж  күні мектеп Парламентінің Президент сайлауы өткізілді.
Мектеп Президентігіне 10 сынып оқушылары арасында үміткерлер қатысып, сайлау алдында өз бағдарламаларымен таныстырып, Президент болуға лайықты екендерін көрсетті.
Сайлауға мектеп ұстаздары мен 8-11 сынып оқушылары дауыс берді.
Сайлау қорытындысы бойынша 2024-2025 оқу жылында  10 "A" сынып оқушысы Айтуған Әлихан басым дауысқа ие болып Мектеп Парламентінің Президенті болып сайланды.
Алдағы уақытта Әлиханға Өзін- өзі басқару ұйымының жұмысын ұйымдастыруда сәттілік тілейміз.
Мектеп оқушыларының Өзін-өзі басқару ұйымының негізгі ретінде Президенттік басқару жүйесі қалыптасқан.
Мақсаты;
-Балалардың білімге деген құштарлығын арттыру Өзін-өзі басқару жұмысын жетілдіру, ұжымдық жауапкершілікті сезіне білуге қалыптастыру.
- Оқушылардың мектепке деген құрмет сезімін ояту "Өзін-өзі басқару әліппесін" меңгеру, болашақта мемлекет тұтқасын ұстайтын ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Ұйымдастырған:  Мектеп аға тәлімгері: А. Турмуратова