15
октябрь
2024
Тоғызқұмалақ ақыл- ойды дамытуға арналған ойын
![]() | ![]() |
№7 "Тұран" мектеп - гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде " Жетісай қаласының 55 жылдық мерейтойына орай апталық өтілуде. Осы апталық барысында ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында ұлттық дәстүрлі ойындарымыздың бірі - тоғызқұмалақтан 5-11 сыныптар арасында жарыс өткізілді. Оқушыларымыздың ұлттық ойынымызға деген қызығушылығы өте жоғары деңгейде болды.
Тоғызқұмалақ ақыл- ойды дамытуға арналған ойын болғандықтан жарысқа қатысқан оқушыларымыз өздерінің білімді, ақыл- ойлары ұшқыр, зерек оқушы екендіктерін көрсете білді. Осындай ұлттық, дәстүрлі ойындарымыз көбірек ойналса, біздің - ұлттық құндылықтарымыз да мәңгі жасап, асқақтай берері анық.

