01
октябрь
2024
"1 қазан - Халықаралық қарттар күніне" орай
![]() | ![]() |
"N7 "Тұран" мектеп - гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9 "Ә" сынып оқушылары "1 қазан - Халықаралық қарттар күніне" орай мектебімізде математика пәнінен дәріс берген, ардагер ұстазымыз Сариева Сапаркүл апайымыздың үйіне барып мерекесімен құттықтап қайтты.Оқушыларымыз өздерінің апайымызға деген ыстық ықыластарын, ізгі тілектерін, өлең шумақтарын арнап зор көңіл күй сыйлады.Қазыналы қартымыздың әрбір айтқан сөзі, батасы жастардың өмірге деген құлшыныстарын арттырып, мотивация бола білді.Сапаркүл апайымызбен болған кездесу "Қариялық-даналық пен өмір тәжірибесінің қайнар көзі" деген даналық сөзіміздің дәлелі бола білді.
Апайымыздың деніне саулық,отбасына амандық тілейміз!
Қарттарымыз аман болсын,мерекелері құтты болсын!

