12
сентябрь
2024
"ТІЛІМ МЕНІҢ — ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ"
![]() | ![]() |
"№7" Тұран" мектеп гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
Қазақстан халқы тілдер мерекесіне орай "Тіл — рухани қазына" тақырыбында өткізілген онкүндік іс-шара жоспарына сәйкес 12.09.2024ж күні 5,6,7-сыныптар арасында "Тілім менің — тірлігімнің айғағы" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ақмарал Жусипназарова мәнерлеп жатқа оқу сайысын өткізді.
Сайыстың мақсаты: оқушыларды өз тілін құрметтеуге, шұбарламай таза сөйлеуге, Отанын сүюге,"Тіл мәртебесі-ел мәртебесі" деген ұстанымды ұстауға, жұрт алдында еркін сөйлеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп оқуға үйрету.
Сайыста оқушылар ақын-жазушылардың тіл туралы өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Сайысқа қатысқан оқушыларға қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Асқарова Зубайра Халиевна әділ қазы болып, төрелігін жасады. Мәнерлеп жақсы айтқан оқушыларға марапаттар мен орындар берілді.
1 орын
5"А" сынып оқушысы Жұмабай Аяна
2 орын
7"В" сынып оқушысы Қазақбай Нұрқанат
3 орын
1. 6"Ә" сынып оқушысы Сенбі Ақжарқын
2. 5"Б" сынып оқушысы Зайт Ақжарқын
Марапатталды.

