01
сентябрь
2024
«Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында
![]() | ![]() |
Түркістан облысы, Жетісай ауданы,
“N7 "Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024-2025 оқу жылында «Білім күні»
1 қыркүйекте, «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында мектептің барлық қауымдастығының қатысуымен, 1, 11 сынып оқушылары үшін салтанатты шара өтті. Салтанатты шараның мақсаты: жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриотизм, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын атмосфера құру.
Міндеттері:
– білім алушыларға патриотизм, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
– өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру;
– қатысушыларды алдыңғы оқу жылының жетістіктері туралы хабардар ету.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру және әнұранды орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану ережесіне сәйкес жүргізілді.

