БІЛІМ ГРАНТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ. » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БІЛІМ ГРАНТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.
05
август
2024

БІЛІМ ГРАНТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.



Жетісай ауданы білім бөліміне  қарасты    №7 «Тұран» мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінде биыл ҰБТ-ға қатысқан 75 оқушының 37-сы білім грантын жеңіп алды. Құттықтаймыз!!! Бұл үлкен жауапкершілік және мотивация. Ең бастысы үміттің ақталғаны. Жыл бойы дайындықтан қол ізбей, әрбәр өтір жатқан уақыттың қадіріне жете білген талапкердің нәтижесі осындай болмақ. Кеше ғана ҰБТ тапсырып, артынан конкурсқа құжаттарын өткізіп, қатты уайымдап, қобалжулардың бәрі енді артта қалды. Себебі жеңіс сіздердікі. Сіздерді алдағы уақытта кереметтей қызықты күндер күтіп тұр
Құрметті жас түлек!
Алға қойған мақсаттарыңызға жете беріңіздер. Батыл болыңыздар.
Бәрі өз қолдарыңызда екенін естеріңізде сақтап жүріңіздер.
Сөз соңында айтарымыз: өздеріңізді шектемей, кең әрі ауқымды ойлауға тырысыңыздар. Сонда ғана толағай табыстарға жетесіздер!
Өмірлеріңіздегі жаңа кезең құтты болсын, жас түлек!
Болашақта жаңа жетістіктерге жете беріңіздер! Сіздерді тағы бір рет мектеп ұжымы атынан шын жүректен құтықтаймыз!!!