"ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА" » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
июль
2024

"ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА"




"N7 "Тұран"мектеп-гимназия"коммуналдық мемлекеттік мекемесінде   "ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА"
    «Елімізді көгалдандыру, абаттандыру – мемлекеттік маңызы бар іс. 
Бұл - бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде.
Туған жерімізді таза ұстауымыз қажет. 
Бұл – жалпыұлттық мәселе». 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деген. 
      Қоршаған ортаны таза ұстау - әр адамзаттың міндеті. 
Президент пәрменімен басталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына  мектеп ұжымыда атсалысып жатыр.
      Мақсат – халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлық сезімді ояту, туған өлкені абаттандырып, гүлдендіруге үлес қосу. Жаһандық экологияға үн қату, оны барынша насихаттау елдің ертеңгі болашағы үшін маңызды істің бірі. 
       Ендеше, барлық азаматтарды өңірдегі тазалықты сақтауға белсенді қатысуға шақырамыз!
       Болашақ ұрпақ үшін табиғатты бірге сақтайық және аялайық!!!