02
июль
2024
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ
![]() | ![]() |
2023-2024 оқу жылы сәтті аяқталып, оқушылар жазғы демалыста уақыттарын өткізуде. Біздің мектебімізге жазғы лагерьге 48 орын бөлінген. Бүгінде Сайрам ауданы, "Үш бұлақ" лагеріне балалар демалысқа баруда. Әр лекте мектебімізден 6 оқушыдан жіберіліп жатыр. 1- лекте барған балаларды 1-шілде күні күтіп алып, 2-лекті жібердік. Балалар риза, жақсы демалыс болғанын айтуда. Ойын ойнап, суға түсіп, ән айтып, би билеген. Түрлі жарыстар ұйымдастырылып мақтау қағаздарын иеленіпті. Ата-аналар тарапынан алғыс айтылуда. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз!

