ҮЗДІК МЕКТЕПТІҢ-ҮЗДІК ТҮЛЕГІ » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
май
2024

ҮЗДІК МЕКТЕПТІҢ-ҮЗДІК ТҮЛЕГІ




Тайпақова Сабира Мықтыбекқызы
PhD, қауымдастырылған профессор
Молекулярлық биология және генетика      кафедрасының доценті
Тайпақова Сабира Мықтыбекқызы, 09.12.1984 жылы туылған. "N7 "Тұран" мектеп-гимназиясында" мектеп табалдырығын аттап,  2006 жылы  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетінде «Биология» мамандығы бойынша биолог біліктілігін алып, сол жылы «Биотехнология» мамандығы бойынша генетика және молекулалық биология кафедрасының магистратура бөліміне қабылданды. 04.2007- 04.2008ж аралығында  молекулалық биология және биохимия институтының «белок және нуклеин қышқылы» лабораториясында 0,5 жүктемемен лаборант қызметінде жұмыс атқарды. 2008 жылы магистратураны бітіріп «Магистр» академиялық дәрежесі мен биотехнология магистрі біліктілігіне ие болды. 2008 жылы кафедраның ұсынысы бойынша 6D060700 - Биология («Генетика» бағдарламасы) мамандығы PhD докторантураға оқуға түсті. 16.06.2011 жылы генетика және молекулалық биология кафедрасының кеңейтілген мәжілісінің № 14  хаттамасында қабылданған қаулыға сайкес С.М.Тайпақованың    6D060700 – Биология («Генетика» бағдарламасы) мамандығы бойынша «философия докторы» (Ph.D) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған «Молекулярное клонирование и оптимизация экспрессии генов грибных термостабильных целлюлолитических ферментов» атты диссертациялық жұмысы Л.Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университетінде құрылған  6D06000 Диссертациялық кеңесінде қорғауға ұсынылды. 2010-2012 жылдар аралығында биология және биотехнология мәселелері ғылыми зерттеу институтының молекулалық генетика лабораториясында кіші ғылыми қызметкер, 2012-2015 жылдар аралығында ғылыми қызметкер, 2015 -2018 жылдар аралығында аға ғылыми қызметкер 2018-2020 жылдар аралығында жетекші ғылыми қызметкер жұмысын негізгі қызмет ретінде атқарды. 2018 жылдың 01 қыркүйегінен 2021 жылдың 31 тамыз аралығында бастап Биология және биотехнология факультеті молекулалық биология және генетика кафедрасында Посдокторантураны сәтті аяқтады. 
Тайпақова С.М. бірнеше мемлекеттік және халықаралық стипендиялар мен марапаттардың иегері, соның ішінде: 2014 және 2021 жылы ҚР БҒМ «Талантты жас ғалымдар» мемлекеттік ғылыми стипендиясының, 2015 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУнің үздік жас ғалымы. 2016-2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің тағылымдама бағдарламасы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері. 2021ж. Францияның Еуропа және Сыртқы істер министрлігінің Инновациялық жобалардың Ынтымақтастық қоры (FSPI) қаржыландыратын денсаулық сақтау саласындағы зерттеушілерге арналған стипендияның иегері.
Тайпақова Сәбираның негізгі ғылыми қызығушылығы ашытқының гендік инженериясы, ДНҚ-ны қалпына келтіру энзимологиясы және жасуша сигнализациясы салаларын қамтиды. ҚР БҒМ Ғылым Комитеті гранттық қаржыландыру бойынша  2015-2017 жж 1324 / ГФ4 «Генетикалық түрлендірілген өнеркәсіптік ашытқы штамдарын қолдана отырып целлюлоза шикізатынан биоэтанол алу технологиясын жасау» және  2018-2020 жж AP05131478 «In vitro  және  in vivo жағдайында  Arabidopsis thaliana Поли-АДФ-рибоза полимеразаларының ДНҚ тізбегі үзілістерінің соңдарын ковалентті модификациялаудағы рөлін зерттеу» жобаларына ғылыми жетекшілік етті. 
Қазір Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің. 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруы бойынша AP13067762 «Күрделі ДНҚ зақымдарын мисматч-спецификалық тимин-ДНҚ-гликозилазамен ынталандырылған эксцизиялық репарациялаудың абберантты жолын in vitro және in vivo зерттеу» жобасына жетекшілік етеді. Сәбираның соңғы зерттеулері әртүрлі ДНҚ гликозила ферменттерімен инициацияланатын аберрантты негізді эксцизиялық репарациялау (BER) жолының молекулалық механизмдерін in vitro және in vivo жағдайында зерттеу және аберрантты BER репарациясының тірі жасушаларда индукцияланған, яғни ДНҚ зақымдануының әсерінен және спонтанды мутациялар жинақталуындағы физиологиялық рөлін бағалаумен байланысты.
Зерттеудің ғылыми бағыты: Эукариоттардағы ДНҚ репарациясының энзимологиясы, микробтық ферменттер технологиясы, жасуша биологиясы, жасуша сигнализациясы және бактериялар мен ашытқылардың гендік инженериясы. Тайпақова Сәбираның жургізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде 70-тен астам жарық көрген мақалалары бар, соның ішінде: Frontiers in Cell and Developmental Biology, DNA repair, Brazilian Journal of Microbiology, Plant Physiology and Biochemistry, Journal of Cell and Molecular Biology сияқты Scopus және Web of Science  базасына кіретін, импакт-факторы жоғары халықаралық журналдарда 9 мақаласы жарияланған және 1 пайдалы үлгіге патентті тіркелген, уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда 30дан аса мақаласы жарық көрген.
Ғылымиметриялық көрсеткіштері:
WoS ID: AAW-9635-2020. H-index 7. 
Scopus ID: 47062012700. H-index 7. 
Оқытылатын пәндер тізімі:Адам және жануарлар генетикасының өзекті мәселелері Генетикалық технологиялардағы зертханалық зерттеулердің негіздері; Генетикалық инженерия; Хромосомалық және гендік инженерия; Молекулярлық-генетикалық тестілеудің негіздері; Молекулярлық диагностика; Молекулярлық биология; Гендердің экспрессиясын және гормондардың әсер ету механизмдерін реттеу; Молекулярлық және сот-медициналық сараптама. Канцерогенездің молекулалық механизмдері; Канцерогенез; ДНҚ рекомбинациясы.
Тайпақова Сәбира  жетекшілігімен даярланған баклаврлар саны-10, магистрлер-3, PhD докторанттар-2.  Соның ішінде:
Манапқызы Диана - Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауының жеңімпазы 2021 ж, «АБАЙ-ВЕРН» 2021 II стипендиялық бағдарламасының лауреаты –докторантура.
Мүсілова Жібек- Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауының жеңімпазы 2023 ж.
Әліқұл Айжан -«АБАЙ-ВЕРН» 2023 IV стипендиялық бағдарламасының лауреаты –докторантура
Сынып жетекшісі: Раимбекова Ұлжан Кеттешқызы