«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
май
2024

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы




Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Түркістан облысы да белсене қатысуда. Акцияға облысқа қарасты аудан/қала жұртшылығы мен Түркістан облсының білім басқармасына қарасты барлық білім беру ұйымдары мен мекемелері өз үлестерін қосып, тазалық жұмыстарына белсене кірісті. 
        Акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру. 
        7-11 мамыр аралығында өтіп жатқан «Мөлдір бұлақ» Тау бөктерін, өзен - көлдердің жағалаулары мен су айдындарын  тазарту апталығы шеңберінде  жұмыстар жүргізілуде. 
    Сондықтан облыс тұрғындарын, жастарын алдағы апталықтарға да белсенді қатысуға шақырамыз!