02
апрель
2024
“ Оқуға құштар мектеп” жобасы
![]() | ![]() |
Бүгін 2.04.2024ж күні “N7 Тұран мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 5 а сынып оқушыларымен “ Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 20 минуттық кітап оқу сағатын өткіздік.” Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында өтетін 20 минуттық кітап оқу сағаты оқушыларымызға берілген тамаша мүмкіндік. Ғалымдардың айтуынша классикалық әдебиеттер- жасөспірімдердің тұлға ретінде дамуына үлкен әсер етеді. Тұрақты түрде кітап оқудың тағы да бір пайдасы: сөздік қорыңыз артады. Өйткені, кітаптың беттерінде күнделікті өмірде қолданылмайтын сөздер кездеседі. Құрметті оқырман! Уақыт барда көп шығарманы оқып қалыңыз, жақсы кітап жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді.
Кітапханашы: Р. Рапишева

