20
март
2024
”Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында
![]() | ![]() |
"N7 "Тұран " мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 19.03.24. күні, 8 ә сынып оқушылары пән мұғалімі Балтабай Роза апай мен бірге” Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “ Жыр алыбы Жамбыл” тақырыбында танымдық сабақ өткіздік. Қазақ халқының ұлы перзенті сазгер, жыр алыбы Жамбыл Жабаев Қазақстанның ең танымал ақындарының бірі. Жамбыл әрі эпикалық ақын, әрі ақын- импровизатор, дана жыршы және дастаншы. Ол өнер шебері ретінде азаматтық және саяси поэзияның дамуына үлес қосты. Жамбылдың ұлылығы оның ақындық шеберлігінде ғана емес, сонымен бірге оның халық поэзиясындағы жаңа ағымының жаратушысы, халық ақындарының шығармашылық рухын парасатпен жандандырушы болғанында. Жамбылдың өлеңдері теңіз түбінде жатқан інжу- маржандай. Оларды жинап, халыққа тапсыру әрқайсымыздың азаматтық парызымыз- деді ақын С. Сейфуллин. Жамбыл- поэзиясының сарқылмас қайнар көзі, өшпес даналық көзі, мәңгілік құндылық. Оның туындылары әрдайым халықпен бірге жасайды.
Кітапханашы: Р. Рапишева.

