15
март
2024
“ Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында
![]() | ![]() |
Бүгін 15.03.24 күні /7 “ Тұран мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында “ Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “ Абайдың қара сөздері- тәрбие көзі” атты 5-6-7 сыныптар аралығында сайыс өтті. Абай Құнанбайұлы- ұлы ақын, ойшыл, саяси қайраткер және біздің еліміздің тарихында үлкен із қалдырған адам. Абайдың шығармаларын үнемі насихаттап отыру, ұрпақ санасына сіңдіру ұлт тәрбиесі үшін зор маңызға ие. Кемеңгер Абайдың мол мұрасының ішінде қара сөздерінің орны бөлек. Қара сөздердің ең басты қағидасы- адами құндылықтарды сақтау. Абай қарасөздерінің философиялық, ағартушылық, гуманистік, әлеуметтік идеялары өте жоғары бағаланады. Абай қара сөздерінің өн бойында оқырманына ой түрткі болатын ақыл мен насихат пайымдаулары тұнып жатыр. Абайдың қарасөздерін мұқият оқып, санамызға әбден сіңдіру керек. Ұлы ғұламаның ғибратқа бай шығармаларының құндылығын жадымызда сақтап, әрқашан жаңғыртып отыруымыз керек. Ұлы Абайдың туындылары қаншама заман өтсе де рухани азығымыз болып қала береді. Ел Президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаев: “ Абай мұрасы- біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық”- дейді. Демек, Абай рухына тағзым етіп, мол мұрасын дәріптей білу- біздің асыл міндетіміз!
Кітапханашы: Р. Рапишева.

