06
март
2024
Ана-өмір, ана-жыр, ана-өмір шуағы
![]() | ![]() |
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік «Ана-өмір, ана-жыр, ана-өмір шуағы.» атты тәрбиелік танымдық мерекелік кеш өтті. Мерекелік кешті бастауыш сынып пәні мұғалімі Айшыхан Айида Назарқасымқызы ұйымдастырды. Мерекелік кешке бастауыш сынып пәні мұғалімдері, оқушылары, ата-аналары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

