01
март
2024
«Алғысым шексіз» тәрбие сағаты
№7 «Тұран мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында Алтыс айту күніне орай ұйымдастырылған «Алғысым шексіз» атты 1 «А» сыныбымен сынып жетекшісі Оспанова Айшамен тәрбие сағат болып өтті. 1наурыз-Алғыс айту күні жақсылықты бағалай білуге,әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға,өзара сыйластық пен құрметке бастайтын күн.Оқушылардың керемет өнерлерін тамашаладық .ән айтып , тақпақтар айтып бір бірімізге шат шадыман керемет көңіл күй сыйладық.Кішкентай .оқырмандарымыз алғыстарын айтып қағаздан ою ойып жабыстырып, жүрек жарды тілектерін жарыса айтты.Көңілді жадыратар жақсы істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын.
Қуаныштан желпілдейді түндігім,
Шын ниетпен алғыс айтар күн бүгін.
Балаларымыз ғұмыр кешсін бақытты.,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін.
.Кітапханаға келіңіздер кітап сүйер қауым.
Оқуға құштар оқырмандар кітап әлемінде бізбен бірге болыңыздар.
Мектеп кітапханашысы Гулмира Серікбаева.