“ Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
февраль
2024

“ Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында


“N7 "Тұран" мектеп- гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында 29.02.24 күні “ Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “ Ұжымдық оқу ұстаздар арасындағы 20 минуттық оқу сағатының әдістері” атты өңірлік семинар өтті.
Семинарды Жетісай аудандық білім бөлімінің кітапхана ісі жөніндегі әдіскері Клара Сапарбекова апайымыз ашып берді. Семинардың мақсаты: Кітапханашылардың кәсіби шеберлігін дамыту, шығармашылық құзіреттілігін көтеру және жаңа идеяларды насихаттау, өзара тәжірибе бөлісу. Аудандағы мектеп кітапханашыларының арасындағы кәсіби қарым- қатынасты дамыту; Кітапханашылардың шығармашылығын көтеріп және оны талқылау....
Семинарда “ Ұжымдық оқу” ұстаздар арасындағы минуттық оқу сағатының әдістемелігі тақырыбымен / 33 М. Маметова жом кітапханашысы Тельбаева .А өз жұмысын көрсетті. Мұғалім. Кітапхана. Кітап практикалық жұмысты N6 Момышұлы МГ кітапханашысы Қарымсақова. А өтті.
“ Ғажайып кітап” топтық жұмыспен N4 Абай МГ кітапханашысы Садықова .М апайымыз шықты. “ Кітап оқу- ақыл ойдың мәйегі” шебер сынып тақырыбымен N7 Тұран мектеп- гимназия” КММ кітапханашысы Серікбаева . Г өз жұмысын көрсетті. “ Жақсы көңіл- күй жан азығы” Сергіту сәтін / N7 Тұран мектеп- гимназия КММ психологы Турғынбаева. Д апайымыз жургізді. 
“Кітап- сарқылмас қазына” тренинг сабағын N2 Ш. Уалиханов жом мектебінің кітапханашысы Қасымова. Ж апайымыз өтті. Семинар да кітапханашылар бір бірімен тәжірибе алмасып, жақсы ой түйіп қайтты.
Кітапханашы: Р. Рапишева