АҒА ТӘЛІМГЕР АПТАЛЫҒЫМЕН АУДАНДЫҚ 7-8 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫНА ТОЛЫ БОЛҒАН АПТАНЫҢ АПТА АЙШЫҚТАРЫ. » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АҒА ТӘЛІМГЕР АПТАЛЫҒЫМЕН АУДАНДЫҚ 7-8 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫНА ТОЛЫ БОЛҒАН АПТАНЫҢ АПТА АЙШЫҚТАРЫ.
11
февраль
2024

АҒА ТӘЛІМГЕР АПТАЛЫҒЫМЕН АУДАНДЫҚ 7-8 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫНА ТОЛЫ БОЛҒАН АПТАНЫҢ АПТА АЙШЫҚТАРЫ.






АҒА ТӘЛІМГЕР АПТАЛЫҒЫМЕН ҚАЗАҚТЫҢ АҚИЫҚ АҚЫНЫ-МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА-93ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ӨТІЛГЕН ІС-ШАРАЛАР МЕН АУДАНДЫҚ 7-8 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫНА ТОЛЫ БОЛҒАН АПТАНЫҢ АПТА АЙШЫҚТАРЫ.
05.02.2024ж күні Жетісай ауданы білім бөлімінің бұйрығына сәйкес Аға Тәлімгерлер апталығы салтанатты түрде ашылды.
05.02.2024ж күні Халықаралық "Молодой ученый" журналына мектебіміздің директоры Х.Кожбанова "Табысты мектеп тұғыры" тақырыбында мақала жариялады.
05.02.2024ж күні "Білім шуағы" республикалық ғылым мен білімді қолдау орталығында ұйымдастырылан конференцияда Тыныбекова Шолпан өз мақаласын жариялады.
06.02.2024ж күні мектеп кітапханашысы Г.Серікбаева М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған "Ғасырлар перзенті" сайысына қатысып мектебіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.
06.02.2024ж күні аға тәлімгер А.Тұрмұратованың ұйымдастыруымен "ДОСБОЛLIKE" жобасы аясында Ұлттық ойындарымыз ұлтымыздың құнды мұрасы тақырыбында Асық ойыны өтілді.
06.02.2024ж күні мектеп кітапханашысы Р.Рапишеваның ұйымдастыруымен 7 А сыныбымен Сәкен Жүнісовтың туғанына -90жыл толуына орай танымдық сабақ өтілді.
07.02.2024ж күні Тәлімгер апталығында Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, елін сүйетін патриот тұлғаны қалыптастыру мақсатында жас қыран оқушылары "Жас ұлан" әнімен шеру жасады.
Ұйымдастырушылар: Аға тәлімгер және 2 сынып жетекшілері.
07.02.2024ж күні  М.Мақатаевтың 93 жылдық мерейтойына орай "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" атты тақырыпта ақын өлеңдері мен поэмаларын мәнерлеп жатқа оқудан 8-11- сыныптар арасында байқау өткізілді.Байқауға ақын өлеңдері мен поэмаларын сүйіп оқитын оқушылар белсене қатысты.Ұйымдастырушылар: З.Асқарова мен Р.Балтабай.
08.02.2024ж күні Turan news жаңалықтар топтамасы кезекті шығарылымын жалғастырды.
08.02.2024ж күні Мектебімізде жоғары сынып оқушыларымен адам денсаулығына зиянды заттардан аулақ болу, нашақорлықтың алдын алу, әлімжеттік, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жиын өтілді. Жиынға мектеп инспекторы Шонықбаев Ғалымжан мырза, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Калдарбеков Ерболат және мектеп психологы Сәбденова Бота апайларымыз қатысты.
09.02.2024ж күні  10”Ә”сыныбында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, “Мен өмірді жырлау үшін келгенмін” тақырыбында, ақынның өлеңдерін оқып, лирик ақынның поэзия әлеміне саяхат жасады.
09.02.2024ж күні мектеп кітапханашысы Р.Рапишеваның ұйымдастыруымен 7 Б сыныбымен "Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" атты тәрбие сағат өтілді.
09.02.2024ж күні Мұқағали Мақатаевтың 93 жыл толуына орай мектеп кітапханасында, мектеп оқушылары мен бірге “ Мұқағали поэзиясына саяхат” жасап, өздерінің Мұқағалидің өлеңдерін сүйіп оқитындарын көрсетті.4 а сынып оқушылары: Тұрғанбек Айдос, Сенбі Аяжан,7 ә сынып оқушысы Жұмабай Самал,
8 ә сынып оқушысы Сапарғали Анель,10 ә сынып оқушылары Мұхамеджан Ұлдана мен Анарбек Мерей ақынның өлеңдерін жатқа айтып берді.Мұқағали өлеңдерін шексіз құрметтеуге, жақсы қасиеттерін бойларына сіңіре отырып қадір тұтуға тәрбиелеу. Мұқағали- мәңгілік өмір! Ақын мұрасы, маржан поэзиясы- мәңгілік,болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы, ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлеңқұмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек!
Кітапханашы: Р. Рапишева.
09.02.2024ж күні Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде " Біз -Тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз!  атты тәлімгер апталығының негізінде "Музейде 1-күн" тақырыбында Шаблон Ділдәбеков атындағы музейге  Жас Ұлан оқушылары барып рухани азық алып қайтты. Тәрбие - ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ . Өскелең жас ұрпақтың рухани - адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу барлық кезеңде өзекті.
09.02.2024ж күні 7 ”Б”сыныбында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай,  қосымша білім беру педагогы Дуйсембаева Айнурдың "Абайтану" үйірмесіне қатысатын оқушылармен “Қазақтың мұзбалақ  ақыны - Мұқағали  ” тақырыбында, ақынның өлеңдерін жатқа оқып, лирик ақынның поэзия әлеміне саяхат жасады.
09.02.2024ж күні "Әр өлеңі-бір әлем" атты бастауыш сыныптардағы әдеби кеш.
Қазақ әдебиетінің поэзия шыңын бағындырған Мұқағали Мақатаевтың туғанына бүгін 93жыл толып отыр.Айтулы датада бастауыш сыныптар бойынша жоғары деңгейде іс-шара өтілді.Іс-шараны бастауыш пәні мұғалімі Айшыхан Айида және математика пәні мұғалімі Мырзатаева Ақерке жоғары деңгейде ұйымдастырып, ата-аналарды, мектеп ұстаздарының алғыстарына бөленді.
09.02.2024ж күні  қосымша білім беру педагогы Ақмарал  Жусипназарованың ұйымдастыруымен  "Ахметтану"  үйірмесінің мүшелерімен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай  "Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" тақырыбында поэзия әлеміне саяхат жасады.