05
февраль
2024
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "МОЛОДОЙ УЧЕНЫЙ" ЖУРНАЛЫНА МЕКТЕБІМІЗДІҢ ДИРЕКТОРЫ Х.КОЖБАНОВА "ТАБЫСТЫ МЕКТЕП ТҰҒЫРЫ" МАҚАЛАСЫН АРНАЙЫ ШЫҒАРЫЛЫМҒА ЖАРИЯЛАДЫ.
![]() | ![]() |
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде жүріп жатқан өзгерістер педагогтердің ғана емес, білім беру ұйымдары басшыларының да үздіксіз кәсіби дамуы қажеттігін айқындап отыр. Заманауи адам қандай болса, директор да сондай болмақ. Заманауи мектеп басшысы – стратег, аналитик, психолог, педагог, оратор, мотиватор. Оқушыға қандай қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыру керек болса, соның барлығы мектеп директоры үшін де маңызды. Күш-жігер, талабымның арқасында көш басында жүруді және үнемі үш қасиетті талап, еңбек,терең ойды бойыма сақтауды мақсат еттім. Менің директорлық тәжірибеме биыл бес жыл. Осынша уақыт аралығында өзімді дамытудамын және осы білім шаңырағын әріптестеріммен бірге дамытып келе жатырмын деуге болатын шығар. Парасатты педагогтердің бір ұстанымға біріге алуы, жаңа міндеттерді шешудегі сенімді серіктесуі, өзара жанашырлығы мені ілгері жетелейді.
Біздің басты мақсатымыз оқу мен оқытуды қолдау арқылы мектеп әлеуетін қадамды жұмыстармен табысты ету, сол арқылы үздіксіз даму баспалдағымен табысты мектеп моделін құру болып табылады Табысты мектеп моделін құру мақсатында нақты қадамдар жасалып,өз нәтижесін беруде.
Мен басқарып отырған Жетісай қаласындағы «№7 «Тұран» мектеп-гимназиясы» - тәрбие мен білімді қатар жолға қойған, «Үздік мектеп — үздік білім кепілі» бола білген ауданымыздағы үздік мектептер қатарындағы білім ордасы. Іргелі білім ошағы заман талабына сай материалдық-техникалық жабдықтармен жасақталған. Жаңа модификациялы химия, биология, физика, ІТ ақпараттық ¬технологиялар кабинеттері және 35 оқу кабинеті, 2 зертхана, 2 шеберхана, 600 орындық асхана, 18х36м көлемді қамтыған арнайы аудандағы ең үлкен, балалардың спортпен шұғылдануына толық жағдай жасалған, дене тәрбиесіне деген қызығушылығын арттыратын, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорт залы бар. Мектепте оқушылардың жан-жақты білім алуы, дамуы үшін қолайлы жағдай жасалған. Атап өтетін болсам, «Мұқағали Мақатаев», «Абайтану», «Өлкетану» кабинеттері бар.Сондай-ақ, мектебімізде сабақтан тыс 9 үйірме, сабақ барысы бойынша 12 үйірме жұмыс жасайды. Барлығы заманауи талаптарға сай жабдықталған. Бәрі де тегін үйретіледі. Бүгінгі таңда оқушыға берілетін рухани –адамгершілік білімнің мәні зор . Бала бойына адамгершілік тәрбиені сіңіруде мектеп пен отбасының арасында тығыз байланыс болуы керек . Отбасында ата-анасынан рухани тәрбие алып келген балалар мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап ұстаз тәрбиесін алады.
Мектеп басшысы ретінде, «Заманауи ұстаз- жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген тұлға болуы тиіс» деген талаппен жұмыс атқарудамын.Былтырғы оқу жылында аудан бойынша «Жыл директоры» сайысында «Үздік жыл директоры» номинациясын жеңіп алып, облыс көлемінде өткен сайыста да жақсы нәтиже көрсете білдім. Мектебіміз бүгінге дейін біршама республикалық, облыстық, аудандық жарыстарда бақ сынап, биік асуларды бағындырып, жетістіктерге жеткен. Табысты мектептегі ең мықты құрал ол – мектеп ұстаздары десек, түрлі байқаулар мен сайыстарда мектеп ұстаздары және олар тәрбиелеген шәкірттер үлкен жетістіктерге жету үстінде. Атап айтар болсақ, 2022-2023 оқу жылы барысында «Зерде» ғылыми жобалары бойынша ауданнан 5 оқушымыз облысқа жолдама алып,облыстан 3 оқушымыз республикаға жолдама алды. Республикадан Бақыт Дархан есімді оқушымыз орыс тілі мен әдебиеті бағыты бойынша 3-орын иеленді. Халықаралық тәжірибе алаңында, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Райымбекова Ұлжан апайымыз Астана қаласында өткен форумда делегаттарға сабақ өтіп, сол кездегі білім министрінің қолынан мақтау қағазын алды.Одан бөлек облыс көлемінде өткен «Ақыл-батыл» ой дода мұғалімдер сайысында Тұран командасы 1,2,3 жүлделі орындарды қанжығаға байлап келді.Пән олимпиадалары бойынша да оқушыларымыз аудан көлемінде үздік нәтижелер көрсетіп, облыстан жүлделі орындарды иеленді. Ұстаздарымыз аудандық, облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында жүлделі орын иеленіп, облыс көлемінде 5 мұғалімнің жұмысы таратылды.
«Үздік дебат» турнирі бойынша Аралбаев Табиғат «Үздік төреші» номинациясын аудан облыс көлемінде жеңіп алып, командасы чемпион атанды. Мұғалімдер арасында өткізілген пән олимпиадаларының аудандық кезеңіне мектебіміздің ұстаздары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жоғарыда атап өткен жетістіктер нәтижесі ретінде, биылғы жылы 35 бітіруші түлектер мемлекеттік грант иегері атанып, ЖОО -на түсуге мүмкіндік алды.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиалының ұйымдастыруымен педагогтердің кәсіби дамуын жетілдіру және қолдау, оның ішінде тәжірибе алмасу мақсатында 15 желтоқасан күні "№7" Тұран"мектеп-гимназия" мектебімізде «Педагогикалық шерулер» атты республикалық семинар өтті .
Мектеп психологтары Тургунбаева Дина Байбосыновна мен Сабденова Бота Серикбаевналар қонақтар мен ұстаздарға психологиялық тренингтер өткізді.
2 "Ә" сыныбында Абенова Гулсара Талиповна "Құрама есептерді шығару" тақырыбында, 9 "А" сыныбында Алимкулова Маржан Көмекқызы
"Clil: Ecology Solving; ecology problems" деген тақырыпта, 11 "В" сыныбында Алдамуратова Улболсын Мамырасиловна "С.Елубай ""Жалған дүние "романы" тақырыбында, 10 "Ә" сыныбында Надиров Нурсултан Сабырович "Геосфераның ластануы"тақырыбында, Бижигитова Нуржамал Тансыкбаевна 7 "Б" сыныбында "Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау" тақырыбында, Акжигитова Жанар Еркинбековна 11 "А" сыныбында "Дәрежелік функцияның қасиеті мен графиктері"тақырыбында, Аденова Зауреш Амалбековна 5"А"сыныбында "Уақыттың қадірі" тақырыбында, Претова Гулжамал Абдикаликовна
4 "Ә"сыныбында "Заттардың қасиеті өзгере ме?" тақырыбында, Тулентаев Алғабас Нураллаұғли 8 "А"сыныбында "Химиялық реакциялар"тақырыпта , Тукаякова Шарипа Романовна 8 "Ә"сыныбында "Қанның формалы жасушалары" тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Әрбір ашық сабақтар жаңартылған білім мазмұнына сай, жаңа форматта, тиімді әдіс-тәсілдермен, оқушылардың білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыратындай жоғарғы деңгейде өтті.Мектебіміздің ұстаздары"Мен үшін жақсы мұғаілім бәрінен де артық, өйткені мұғалім -мектептің жүрегі "деген Ы.Алтынсариннің сөзін тағы да бір дәлелдегендей болды.
Бағдарлама бойынша шебер-ұстаз , "Үздік педагог" Раимбекова Улжан Кеттешкызының шеберлік сабағын, мектеп мұғалімдері Жақып Мақсат Падаходжаұлы мен Исабеков Берик Даутбаевичтің "Ой дода " мұғалімдер арасындағы сайысы, директор оқу ісі жөніндегі орынбасары Зияханов Арман Абдиразаковиятің және Аралбаев Табиғат Маратұлының "Intellektum DD2"директорлар дебаты, тарих пәнінің мұғалімі Наханова Гулмира Амантайқызы мен мектет кітапханашылары Серикбаева Гулмира Беркиновна мен Рапишева Райхан Орынбасаровна "А. Яссауидің туғанына 930 жыл " толуына орай ұйымдастырылған тарихи кеші, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Актаев Мухтар Аширбекулы "АКТ-да сабақта тиімді пайдалану"тақырыбындағы тренинг сабақтары жоғары дәрежеде өтті . Әрбір іс-шара мен сабақтарды қатысушылар жоғары бағалады.
Семинарды "Өрлеу " БАҰО АҚ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша КДИ" филиалының аға оқытушысы Матекова Бахтигуль Темирхановна мен Медетова қорытындылап, семинарға белсене қатысқан ұстаздарды марапаттады.
Ұжым ұстаздары «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс - тұрысымен жайдары мінезімен, тіпті сырт пішінімен, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада катты әсер етеді» деген батыр-жазушымыз Мәлік Ғабдуллиннің сөзін басшылыққа алғандай. «Мәңгілік Ел» ұғымының түп тамырына үңіле отырып, тұғыры мықты, дін, діл, тіл мәселелерінің бәрін бір арнаға тоғыстырған, бүгінде функционалды сауатты, заман ағымынан қалыс қалмайтын, ұлттық құндылықтарымыз бен қазақы болмысымызды сақтап, ұрпақ тәрбиелеуді өздеріне парыз еткен мектеп-гимназия ұжымы әлі де талай буынды біліммен қанаттандырып, биік белестерге жетелейтіні анық .

