30
январь
2024
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
№7 «Тұран мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 20 минуттық оқу сағатын 1 «б» сыныбымен өткіздік. Кішкентай оқырмандарымызға кітапханаға саяхат жасап,сөрелерімізді таныстырып өттік.Кітап оқу баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен қатар баланың ой-өрісін кеңейтіп,білімін арттырады. Осы мақсатта және «Кітап оқуға құмарлық» атты библио-экскурсия ұйымдастырдық.
Экскурсия барысында балғындар кітапхана әлемімен танысып,өздеріне ұнаған түрлі ертегі кітаптарын оқи отырып ,кітапқа деген қызығушылығын арттырады.Сынып жетекшісі Кулбаева Раушан апаймен бірге ертегілер тыңдап.,әдемі саяхаттады.
Біздің кішкентай оқырмандарымызға «Аю мен түлкі, Алты аю, және қорқақ қоян» ертегілерімен таныстық . Мақсатымыз балаларды ертегі кейіпкерлерімен таныстыру.Ертегі оқуға деген қызығушылықтарын ояту...Ертегі әлемінде кездескенше.
.Кітапханаға келіңіздер кітап сүйер қауым.
Оқуға құштар оқырмандар кітап әлемінде бізбен бірге болыңыздар.
Мектеп кітапханашысы Гулмира Серікбаева.