"ҚАЗАҚТА ҚАРА СӨЗГЕ ДЕС БЕРМЕДІМ" САЙЫСЫ » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ҚАЗАҚТА ҚАРА СӨЗГЕ ДЕС БЕРМЕДІМ" САЙЫСЫ
17
январь
2024

"ҚАЗАҚТА ҚАРА СӨЗГЕ ДЕС БЕРМЕДІМ" САЙЫСЫ




"N7 "Тұран" мектеп -гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Хакім Абай ізімен..." атты онкүндікте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері З.Асқарова мен Р.Балтабай  8-10 сыныптар арасында "Қазақта қара сөзге дес бермедім..." атты тақырыпта  Абайдың қара сөздерін  жатқа оқу байқауы болып өтті.Байқаудың мақсаты- ұлы Абайдың  мұраларының бірі болып қалған қара сөздерін жатқа оқып,кейінгі ұрпаққа дәріптеу.Байқауға Абайдың қара сөздерін сүйіп оқитын 8-10 сынып оқушылары белсене қатысты.Сол байқауға қатысқан оқушылардың ішінен "жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" оқушылар анықталып, "Диплом" және "Алғыс хаттармен марапатталды.Атап айтқанда,9 "А" сынып оқушысы Дүйсенбек Ұлдана 1- орын,10"В" сынып оқушысы Абилкаир Ерасыл 2- орын,8 "Ә" сынып оқушысы Абишева Ұлпан 3- орын,ал 10 "Ә" сынып оқушысы Мұхтар Айнұр мен 8"В" сынып оқушысы Абдраимова Аружан "Алғыс хатпен" марапатталды. 
 Байқау соңында ұлы Абайдың "Ақыл,қайрат,жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек " деген өлең жолдарымен қорытынды жасап,оқушыларымыздың бойында осы 3 қасиеттің бірдей табылуы керектігін және Абайдың мұраларын оқи отырып,одан тәлім- тәрбие алуға шақырды.