10
январь
2024
"Құпия дос" ойыны ұйымдастырылды
| https://www.facebook.com/100004816391399/videos/892950549037346/ |
| https://www.facebook.com/100004816391399/videos/1322330912498281/ |
| https://www.facebook.com/100004816391399/videos/389424220220571/ |
Сәлем достар, әріптестер! "7 "Тұран" МГКММ-де ағылшын тілі пәні 2 тоқсан 2023 жыл соңғы күндерінің бірінде 8 А , 9Ә, 9А сынып оқушыларыммен мерекелік көңіл - күймен өткізген сәттерден естеліктеріммен бөлісудемін.Тілек тілеу жақсы ниетті білдіреді. Мақсатым тек білім беру ғана емес, баланың тұлға болып қалыптасуына үлес қосу. Балалар өздері ұйымдастырған мерекелік сабақтан барлығы керемет әсер алды. Әрине, мен де. Оқушы мен ұстаз арасындағы байланыс мықты болса, білім мен ғылымға зейіні ашылатын шәкірттер көп болатыны хақ. "Құпия дос" ойыны ұйымдастырылып, бір-бірімізге өміріміз тәтті болсын деп, тәттілер сыйлап, тәттілер мен бірге жүрекжарды тілектерімізді арнадық.
Жаңа жыл құт - береке алып келсін! Оқушылар демалыстан келіп, видеоларды маған жіберген екен. Мен де достарыммен бөліскенді жөн көрдім. Уақытты тиімді пайдалану ең маңызды дүние. Әсіресе, балаға білім беріп, тәрбиелеу сіздің басты жұмысыңыз болса. Мен бақытты ұстазбын! "ШҮКІР"- деймін. Сіздермен бірге ағылшын тілі пәні мұғалімі Сафарова Асем.