"N7" Тұран"мектеп-гимназия" кмм директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Зияхановтың 2023 жылы жоспарлы атқарған жұмыстарының есебі » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "N7" Тұран"мектеп-гимназия" кмм директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Зияхановтың 2023 жылы жоспарлы атқарған жұмыстарының есебі
27
декабрь
2023

"N7" Тұран"мектеп-гимназия" кмм директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Зияхановтың 2023 жылы жоспарлы атқарған жұмыстарының есебі






"N7" Тұран"мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Зияхановтың 2023 жылы жоспарлы атқарған жұмыстарының есебі
ҚАҢТАР айы
 Үздіктермен кездесу
Мектебіміздің директоры Х. Кожбанова мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Зияханов және бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Т. Аралбаевтың ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасындағы үздік оқушылармен дөңгелек үстел өтілді. Жиын барысында І жартыжылдық бойынша қорытынды бағалары және пәндерді оқытудағы қиындықтар мен қиыншылықтар туралы және өздері қатысатын пәндік үйірмелері туралы мәліметтер берілді. Бос уақытында мектеп кітапханасынан көркем әдебиет оқулықтарымен оқитындықтары туралы айтылды. Әрі мектеп миссиясы мен мектеп гимнінің әрбір сөзінің мағынасын бойларына сіңіріп, ары қарай оқу мен тәрбиені бірге алып жүру керектігі де ескертілді. ІІ жартыжылдықта да осы қарқыннан түспей үздік оқушылардың саны артатынына сенім білдірді.
Пән олимпиадасына  сәттілік!
     Мектебіміздің директоры Х.Кожбанова аудандық олимпиадаға қатысатын оқушыларға жиналыс өткізді. Оқушыларға сәттілік тіледі. Оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Зияханов және бейіндік ісі жөніндегі Т. Аралбаев қатысушы оқушыларға аудандық олимпиаданың ережесі мен толық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
    Дәстүрлі сынып жиналысы
      Мектебіміздің жоғары сынып оқушыларына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары М. Мамраймов Е. Калдарбеков және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары А. Зияханов пен Т. Аралбаевтың басқаруымен жиын өтілді. Жиында сабаққа қатысым, сабаққа кешікпеу, мектеп формасы, гигиеналық тазалық, қауіпсіздік ержелерін сақтау т.б мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргі
               Химия, биология, география бірлестігінің тынысы
 Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің Сараптамалық кеңесінің хаттамасы бойынша мектебіміздің химия пәні мұғалімдері Кудиярова Айман, Тулентаев Алғабас, биология пәні мұғалімі Тукоякова Шарипа, Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аденова Заурештің жұмыстары Озат тәжірибе ретінде таратылды. Әдістемелік бірлестіктердің барлығының І жартыжылдық есептері толық тыңдалып ІІ жартыжылдық жоспарлары бекітілді.  
                                           Педагогикалық кеңес
 Мектеп директоры Х.Кожбанова және педагогикалық кеңес хатшысы Г. Ниязбекова және мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері қатысты. Педкеңес барысында қаралатын толық мәселелер туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Х. Бектурганова, А. Зияханов, Г.Сәрсенбаева І жартыжылдық бойынша оқушылар қозғалысы,білім сапасы, сабаққа қатысым, олимпиада жүлдегерлері және Алтын белгі мен Қызыл аттестатқа үміткер оқушылар туралы мәлімет берді. Тәрбие ісі орынбасарлары М.Мамраймов Е. Калдарбеков І жартыжылдық бойынша сынып жетекшілермен жұмыс, ұлдар кеңесі, ата-аналар жиналысы, Өзін-өзі басқару ұйымы туралы мәліметтер берді. Әлеуметтік педагог Г.Жантуреева ыстық тамақпен қамтылған балалар туралы мәлімет берді. Мектеп психологтары Б.Сабденова мен Д. Тургунбаева Қыздар кеңесі және психологиялық ахуал бойынша мәліметтер берді.BilimLand платформасы жұмысы бойынша М. Актаев түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Педкеңес соңында ұсынылған мәліметтер бойынша ұсыныс тыңдалып жоспарлар бекітілді.
   «Менің мектебім, менің ағашым»
Мектебімізде "Менің мектебім, менің ағашым" тақырыбында ағаш отырғызу акциясы Бастауыш сынып бірлестігімен
 Мектебмізде"Цифрлық әлемде мұғалімдердің пән бойынша кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудағы жаңа тенденциялар" тақырыбындағы семинар-тренинг өтті.
*ТРЕНЕР:* 
Нұржан Сапарханұлы
Педагогика ғылымдарының магистрі, педагог тренер, 
Алматы қаласындағы Білім беру және ақпараттық жаңашыл технологиялардың ғылыми-зерттеу орталығы мен Республикалық "Даму" орталықтарының тренері, 
«ХХІ ғасыр ПЕДАГОГЫ» Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналының бас редакторы
 Жаңартылған білім беру мазмұны және мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша тренер, 
Назарбаев университетінің, Педагогикалық шеберлік орталығы мен  Англияның Кембридж университеті арасындағы бірлескен тренерлерді даярлау курсын аяқтаған. 
Коучинг барысында тың дүниелер, жаңа жаңалықтар мен тәжірибесі туралы толық мағлұмат берді. Мұғалімдер коучингтен тың әсер алғанын алдағы уақытты өмірде қолданылуға болатынана көз жеткізіп қайтты.
                                   Сынып жетекшілермен жиналыс
   8-11сынып жетекшілерімен “Оқушылардың тәрбиесі  мен білім сапасын арттыру “тақырыбында жиын өтілді.
                              М. Мақатаев атындағы кабинеттің ашылуы
  "№7,, Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ақиық ақын М. Мақатаевтың 92 жылдық мерейтойына орай 09.02.2023ж. туған күні атап өтілді. Мерейтой барысында мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі З. Асқарованың 2007жылы бітірген түлектерінің демеушілігімен М. Мақатаев атындағы кабинеттің ашылу салтанаты болып өтті.  
                           BilimLand платформасының ерекшеліктері
   Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Сарсенбаева және информатика пәні мұғалімі М.Актаевтың ұйымдастыруымен қазіргі таңдағы бағалау жүргізудегі BilimLand платформасының ерекшеліктері жаңа жүйенің артықшылықтары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
     Кәсіп таңдаудағы ата-ананың міндеті
«№7 «Тұран» мектеп-гимназия» КММ-нің кәсіптік бағдар беруші педагогі Кенжебекова Сауле 10- сыныптардың ата-аналар жиналысына қатысып, ата-аналарға кәсіптік бағдар беру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Кәсіп таңдаудағы ата-ананың міндеті, оның нәтижесінде еңбек қуанышына қосар үлесі мен жеке тұлғаның әлеуметтік ашық бейімделуіне ықпалы ету.
Ақпан айында
            Дәстүрлі сынып жиналысы
   Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының ұйымдастыруымен оқушылардың білім сапасы, тәрбиесі тақырыбында апталық қорытынды жиыны өтілді
         ҰБТ бойынша дайындық  жұмыстары
ҰБТ бойынша дайындық  жұмыстарының барысы туралы ата-аналармен жиналыс өтілді.  Оқушылардың тест нәтижелері  және әлсіз тұстары айтылып, алдағы уақытқа жоспарлар құрылды.
              ҚАҢТАР ҰБТ
Мектеп директоры Х.Кожбанова ҚАҢТАР ҰБТ-сы бойынша 11-сыныптармен талдау жұмыстарын жүргізді.ҰБТ-ға қатысатын әр оқушының нәтижесімен танысып
талдау   
 "Үздіктермен кездесу"
Мектеп директоры Х.Кожбанова 1-11 сынып "Үздіктермен кездесу"атты дөңгелек үстел өткізді.
  «Мамандық таңдау-өз болашағыңды таңдау» 
   Әрбір жас түлек мамандық таңдағанда ескеретін бірнеше қағидалар бар. Сол мамандыққа икемділігі, қызығушылығы, қабілеттілігі және сол мамандықтың еңбек нарығында сұранысқа ие болуы. 
 Сұранысқа ие  мамандықтың бірі-Заңгер мамандығы. Бұл мамандық иелері мемлекеттік мекемелерде, заң органдарында, түрлі ұйымдарда, шағын кәсіпорындарда, коммерциялық және қоғамдық құрылымдарда өте қажет.
Заңгер болу үшін “Құқықтану“ (юриспруденция 5В030100) мамандығын таңдау қажет.
“Құқықтану“ мамандығы бойынша талапкерлерді қабылдайтын ЖОО-лар:
Ұлттық университеттер
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Мемлекеттік ЖОО-лар:
Қазақ Мемлекеттік Заң Университеті О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған Университеті А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университеті М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті И.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технология және Инженеринг Университеті Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті. М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті. 
Наурыз айында
             Педагогикалық кеңес
         Мектебімізде 24.03.2023ж күні N4 Педагогикалық кеңес өтті. Педкеңеске мектеп директоры, педкеңес хатшысы және мектеп ұжымы толық қатысты. Педкеңес барысында 
-2022-2023оқу жылының ІІІ тоқсандағы мектепте атқарылған оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысы қаралды.
        Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Х.Бектурганова мен А.Зияханов және директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Т.Аралбаев пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Мамраймов, Е.Калдарбеков және пән мұғалімдерімен бірге ІІІ тоқсан аяқталуына байланысты түрлі мәселелер бойынша жиналыс өтілді. Электронды Bilimland платформасының толтырылуы, БЖБ, ТЖБ балдарының қойылуы, оқу сапасы және оқушылардың қозғалыс есебі мен "Наурыз" мейрамының іс-жоспары таныстырылды.
\
"IQANAT" ОЛИМПИАДАСЫ
"Тұран" мектеп -гимназиясында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған IQanat олимпиада ашылуы салтанатты түрде өтті
Сәуір айында
      Кезекті апталық жиналыс
    Кезекті апталық жиналыс. ж күндері аралығында өтілетін іс-шаралар мен өткен апта қорытындысы талданды. 
- Bilimland платформасының толтырылуы;
- 1сәуір мен 1 тамыз аралығында 1- сынып оқушыларын мектепке қабылдау барысы;
-JumisSmartNation порталындағы құжаттардың толтырылуы
-Химия және биология апталығының жоспары
-Ата-аналар жиналысының өтілуі барысы айтылды.
  « №7 «Тұран» мектеп-гимназия» КММ-сінде кәсіби бағдар беруші С.Кенжебекованың ұйымдастыруымен Асық ата кентіндегі №15 кәсіптік колледждің маманы Арапбаева Айдана ханым кәсіби бағдар беру мақсатында келіп, 9 - сынып оқушыларына колледждің мамандықтары, оның артықшылықтары, мүмкіндіктері туралы айтып, оқушыларды ақпаратта
             Кезекті сынып жиналысы 
       Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Калдарбеков пен М.Мамраймов және директордың оқу іс жөніндегі орынбасары А.Зияханов пен бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Т.Аралбаев және 8-9 сынып оқушыларымен және сынып жетекшілердің қатысуымен апталық қорынды жиналыс өтілді. Жиналыс барысында 9 "Б" сыныбының апталық кезекшілік қорытындысы, оқушылардың сабаққа қатысуы, форма туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кезекті апталық жиналыс. 10.04.2023-14.04.2023 ж күндері аралығында өтілетін іс-шаралар мен өткен апта қорытындысы талданды. 
- Bilimland платформасының толтырылуы;
- 1сәуір мен 1 тамыз аралығында 1 сынып оқушыларын мектепке қабылдау барысы;
-JumisSmartNation порталындағы құжаттардың толтырылуы
-Физика пәні апталығының жоспары.
        Ата-аналар жиналысы
    Мектеп директоры Х Кожбанова директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Зияханов және мектеп менеджері Б.Исабековтың және 11- сынып сынып жетекшілерімен бірге Ата-аналар жиналысы өтілді. Жиналыс барысында Наурыз ҰБТ қорытындылары және қорытынды аттестаттау барысы және әр түрлі мәселелер қарастырылды.
Ата-аналар форумы
26.04.2023ж күні"Ата-ана-ұстаз- оқушы" болашаққа бағытталған ынтымақтастық атты ата-аналар форумы өтілді.Форум барасында облыстық ата-аналар комитеті мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, қамқоршылық кеңес мүшелері және мектебіміздің ата-аналар комитеті мүшелері толық қатысты. Форумды мектебіміздің директоры Х. Кожбанова алғы сөз ретінде мектебіміздің жетістіктері, оқушылардың білім сапасы, үздік оқушылар шеруі, тәрбие мен білім саласындағы жетістіктерді атап көрсетті. 
 Мамыр айы 
"N7"Тұран "мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "1 Мамыр халықтар достығы" күніне арналған мектебіміздің қосымша білім беру педагогтері ұйымдастырған 
"Қазақстан біздің ортақ шыңырағымыз" атты мерекелік іс-шара болып өтті. 
"ЕРКІН ЕЛ ҰРПАҒЫ" ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ДИКТАНТЫ ӨТКIЗIЛДI
Жетісай ауданы, Жетісай қаласы " 7 "Тұран " мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 4 мамыр күні сағат 11.00 де мамыр мерекелері мен Жеңiс күні қарсаңында "Еркiн ел ұрпағы" тақырыбында жалпыұлттық патриоттық диктанты өткiзiлдi.
Мақсаты: Ел егемендігi мен Тәуелсіздігін дәрiптеу, ұлттық құндылықтар мен қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
Диктант жазуға жалпы 320 оқушы, 40 мұғалім қатысты.
Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран
«Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» тақырыбында мектепішілік жиын өткізілді
              "ЖАСЫЛ МЕКЕН" ЧЕЛЛЕНДЖІ
             Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің 2023 жылдың 11 мамырдағы №230-12/01-01/2799 шығыс хатының негізінде Түркістан облысы бойынша “Тоғыз айға 9 іс шара” аясында "Жасыл мекен" челленджіне " N7 "Тұран"мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қатысты.
 Мектеп директоры Х.Кожбанова және пән мүғалімдерімен бірге кезекті директор жанындағы кеңес өткізілді.
  Қаралған мәселелер:
1) Директор жанындағы бақылау нәтижелері.
2)Қорытынды аттестатау және дайындық
3)Соңғы қоңырау іс-шарасы
4)4 -тоқсан ТЖБ кестесі
5) Жазғы сауықтыруға байланысты өтініш
6) әртүрлі мәселелер
Жоғарыдағы мәселер бойынша мектеп директоры Х.Кожбанова, оқу орынбасарлары А.Зияханов, Г.Сарсенбаева, Х.Бектурганова және тәрбие ісі бойынша орынбасарлар М.Мамраймов пен Е.Калдарбеков, Кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Кайырбекова сөз алды.
                   8-11 сынып жетекшілерімен кезекті жиналыс.
     Мектеп директоры Х.Кожбанова мен жоғары сыныптарға жауапты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Зияханов және 8-11 сыныптың сынып жетекшілерімен жиналыс өтілді.Жиналыс барысында оқушылардың сабаққа қатысымы, оқушылардың білім сапасы, қорытынды аттестаттауға дайындық барысы, соңғы қоңырау іс-шарасы талқыланды.
            Кәсіптік бағдар жұмыстары
             М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің өкілдері келіп ,мектеп бітіруші оқушылармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
       Жалпы мектепішілік ата-аналармен жиналысы
 Мектебімізде 1-11сынып оқушыларының ата-аналарымен жалпы мектепішілік жиналысы болды. Жиналыста мектеп директоры Х.Кожбанова, мектеп қамқоршылық кеңес ұйымының төрағасы Т.Сарсеков, ата-аналар комитетінің төрайымы Б.Абилханова және ата-аналар қатысты. Жиналыс барысында төмендегі мәселелер қаралды:
1. Соңғы қоңырау іс-шарасы;
2. Құқық бұзушылықтың алдын-алу шаралары бойынша іс-шаралар қорытындысы;
3. Шомылу маусымына орай өмір қауіпсіздігі нұсқаулықтармен таныстыру;
4. Мектеп қабырғасында қаржы жинамау;
5. Әр түрлі мәселелер;
    Үздік оқушыларды марапаттау.
"N7 "Тұран"мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1-4 сынып оқушыларының 2022-2023оқу жылын үздік бағамен аяқтаған оқушыларын мектеп директоры Х.Кожбанова мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Х.Бектурганова , сынып жетекшілер және ата-аналардың қатысуымен марапаттады. Алдағы оқу жылында оқушыларымызға шығармашылық табыс тілейміз.
           Педагогикалық кеңес
  Мектеп директоры Х.Кожбанова және педкеңес хатшысы Р.Балтабай және мектеп әкімшілігі мен мектеп мұғалімдерімен бірге кезекті педагогикалық кеңес өтілді. 
Педагогикалық кеңесте төмендегі мәселелер қаралды.
-IV тоқсан бағаларының Bilimland платформасының толтырылу барысы
- Оқу жоспарына сәйкес жылдық қорытынды бағалардың негізінде 1-5, 8-10 сынып оқушыларын сыныптан -сыныпқа көшіру;
- 9-11 сынып оқушыларын емтиханға жіберу
- 2023-2024 оқу жылына дайындық барысы;
- Әр түрлі мәселелер
Жоғарыдағы мәселелер бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Х.Бектурганова, А.Зияханов пен Г.Сарсенбаева сөз сөйлеп, мәселелерін ұсынды. Педкеңес соңында жоғарыда аталған мәселелер бойынша қаулы қабылданып, шешім шығарылды.
Маусым айы
Қорытынды аттестаттау 
Бүгін, 09.06.2023 жылы №7 "Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бітіруші 9-11 сыныптар  қорытынды аттестаттау өтілді.
Аттестатты тапсыру салтанатты жиыны
   Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "№7 "Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 22.06.2023 жылы бітіруші түлектерге Жалпы орта білім беру туралы аттестатты тапсыру салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиында мектеп директоры Кожбанова Хадиша және Жетісай қаласы әкімі Бахтияров Нұрлыбек және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Х.Бектурганова шәкірттерге сәттілік тілеп, бітіруші түлектерге аттестаттарын табыстады. 
    Биылғы 2022-2023 оқу жылында 11- сыныпты 77 түлек бітіріп шықты. Оның тоғызы «Алтын белгі» иегерлері 5 оқушы «Қызыл аттестат» иегерлері атанды. Бүгінгі жас түлектеріміздің әрқайсысы осы алтын ұя мектептерінде 11 жыл оқып, сапалы білім мен саналы тәрбие алып, «Өмір» атты үлкен теңізге аяқ басуда. Шара соңында 11 - сыныптың сынып жетекшілері Аденова Зауреш, Туренова Гулназ, Аскарова Зубайра, Егемкулова Венера директорымыздың атынан” Алғыс Хатпен “марапатталды
     2022-2023 оқу жылының "Жылдың үздік мұғалімі-2023" іс- шарасы
    "N7 "Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Жылдың үздік мұғалімі-2023" іс-шарасы өтілді.Іс-шараны мектебіміздің директоры Х.Кожбанова ашып берді. Іс-шараға жалпы мектеп мұғалімдері толық қатысты. Әр пән бойынша жыл үздіктері анықталып директордың алғыс хатымен марапатталды. Іс-шара соңында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Раимбекова Улжан Кеттешқызы "Жылдың үздік мұғалімі-2023" номинациясын иеленді. "Манкент" шипажайына он күндік жолдаманы жеңіп алды.
2023-2024 оқу жылы
Тамыз айы
тамыз кеңесі
2023-2024 оқу жылының 1-11 сынып жетекшілерімен тамыз кеңесі отырысы өтті.
2023-2024оқу жылының Сынып жетекшілер тамыз кеңесіне мектебіміздің директоры Х. Кожбанова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Калдарбеков пен М.Мамраймов және сынып жетекшілер қатысты.Төмендегі мәселелер қаралды
 2023-2024оқу жылының оқыту ерекшеліктері:
*2023-2024оқу жылының Әдістемелік Нұсқаулық Хатпен таныстырылуы;
*2023-2024оқу жылының жылдық жоспары;
*2023-2024оқу жылында ауданнан келетін жарыстарға мұғалімдерді қатыстыру;
*Құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары;
*Ата-аналармен байланысты күшейту;
Жоғарыдағы мәселелер толық қаралып жаңа оқу жылына табыстар мен жеңістер тілеп бірлестік отырысы аяқталды.
Жаңа оқу жылына дайындық 
2023-2024 оқу жылының барлық бірлестігінің тамыз кеңесі бірлестік отырысы өтті.
Төмендегі мәселелер қаралды:
*2022-2023оқу жылының бірлестік есебі;
*2023-2024оқу жылының оқыту ерекшеліктері:
*2023-2024оқу жылының Әдістемелік Нұсқаулық Хатпен таныстырылуы;
*2023-2024оқу жылының жылдық жоспары;
*2023-2024оқу жылының әдістемелік бірлестік жоспары;
*2023-2024оқу жылының сағаттардың бөлінуі;
*2023-2024оқу жылында ауданнан келетін жарыстарға мұғалімдерді қатыстыру;
*2023-2024оқу жылында олимпиадалық резерв қалыптастыру;
Жоғарыдағы мәселелер толық қаралып жаңа оқу жылына табыстар мен жеңістер тілеп бірлестік отырысы аяқталды.
Қыркүйек айы
" 1қыркүйек - білім күні" мерекесі
 Мектебімізде " 1қыркүйек - білім күні" мерекесіне орай салтанатты іс шара өтілді. Мерекелік іс -шараға Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы және білім бөлімінің басшысы Газиза Әлібекқызы қатысып, ұстаздар мен оқушыларға ізгі тілектерін білдірді.
ҰБТ форматының ерекшеліктері
2023-2024 оқу жылының ҰБТ форматының ерекшеліктері
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Зияханов және мектеп менеджері Б.Исабековтың ұйымдастыруымен 11-сыныптың сынып жетекшілері Б.Сабденова, Т.Сманқан, Б.Оспанова, М.Пиримбекованың қатысуымен 2023-2024оқу жылындағы Ұлттық Бірыңғай тесттің жаңаша форматы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бейіндік таңдау пәндері бойынша балдық көрсеткіштердің жоғарылағанын және негізгі пәндердегі ерекшеліктері толық түсіндірілді.
   ҰБТ-ға тиімді дайындалу
Мектебімізде "Сапа" білім беру орталығының директоры Шабетов Нұрбол және де мектебіміздің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Арман Абдиразакұлы және мектеп менеджері Берик Дәуітбайұлының және директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Т.Аралбаевтың ұйымдастыруымен мектебіміздің 11- сынып оқушыларына Қазіргі уақыттағы сұранысқа ие мамандықар және ҰБТ-ға тиімді дайындалудың ерекшелікері тақырыбында семинар өткізді.
Кезекті жиын
Мұғалімдерімен жиналыс өтілді.Жиналыс барысында:
-Оқушылардың сабаққа қатысуы;
-Сабақтардың өтілу барысы;
-Оқушылардың сабаққа белсенділігі;
-Ашық сабақтар кестесі;
-Директор жанындағы бақылау жұмыстарының қорытындысы;
Жоғарыдағы мәселелер толық қаралып ұсыныстар мен кемшіліктер бойынша жұмыс жүргізу керектігі ескертілді.
Психологиялық тренинг
    "№7 "Тұран" мектеп-гимназия " коммуналдық мемлекеттік мекемесі психологтарының ұйымдастыруымен 11 - сынып оқушыларының "үздік" және "алтын" белгі үміткерлеріне "Жетістікке жетудің қыры мен сыры " тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
  8-11сынып оқушылармен қыркүйек айындағы қорытынды жиналыс.
     Сынып жетекшілермен жиналыс
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Зияханов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары М.Мамраймов пен Е.Калдарбеков және бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Т.Аралбаев және сынып жетекшілермен бірге жиналыс өтілді. Жиналыс барысында 
-оқушылардың сабаққа қатысуының айлық есебі;
-оқушылардың сабаққа белсенділік көрсеткіштері;
-оқушылардың сыныптан тыс іс-шараларға қатысу рейтингісі;
-сыныптар тазалығының көрсеткіші;
-директор жанындағы бақылаудың көрсеткіштері;
-Қазан айында өтетін іс-шаралармен таныстыру;
-құқық-бұзушылықтың алдын алу;
-Әртүрлі мәселелер;
Жоғарыдағы мәселелер толық қарастырылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта өткен айда жіберілген кемшіліктер бойынша жұмыс жүргізу керектігі ескертілді.
   №7 "Тұран" мектеп-гимназия " коммуналдық мемлекеттік мекемесі психологтарының ұйымдастыруымен "Құралай" қыздар клубының мүшелерімен жиналыс өткізілді.
Қазан айы
Ұстаздар" күні
  Мектебімізде "5-қазан Ұстаздар" күніне орай іс- шара өткізілді.
Оқушылар ұстаздарға ыстық лебіздерін білдіріп ,концерттік бағдарлама ұйымдастырып өткізді.
Мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары М.Мамраймов әкелер кеңесінің төрағасы Е.Калдарбеков және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Зияхановтың ұйымдастыруымен жоғары сыныптың ұл балдарымен кезекті ұлдар кеңесі өтілді. Кеңес барысында:
-ата-ананы құрметтеу;
-құқық бұзушылықтың алу алу;
-әр түрлі мәселелер;
жоғарыдағы мәселелер толық қаралып ұсыныстар мен ескертпелер тыңдалды.
   Сынып жетекшілермен жиын
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Зияханов 9-11 сыныптың сынып жетекшілерімен кезекті жиналыс өтті. Жиналыс барысында:
-оқушылардың сабаққа қатысуы;
-оқушылардың сабақ үлгерімі;
-аптаның әр сәрсенбі күні ұлттық нақышта киім кию;
-9-сынып оқушыларына МОДО бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу;
-сабақ арасында сабақтан кешікпеу;
-әр түрлі мәселелер;
Жоғарыдағы мәселелер толық қаралып ескертпелер мен кемшіліктерді жою ескертілді.
       ТАҢДАУ ПӘНДЕРІНЕ БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРІЛДІ
.№7 "Тұран" мектеп-гимназия» КММ-де мектебіміздің кәсіби бағдар беру педагогы Кенжебекова Сауленің ұйымдастыруымен бейіндік пәндері: биология-география таңдаған 11-сынып оқушыларына таңдаған пәндері бойынша мамандықтар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өздеріне қажетті мәліметтерді алып, ризашылықтарын білдірді.
   Ұлдар кеңесі
Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы полковник Адилбек Сапарбеков, мектеп инспекторы Шонықбаев Ғалымжан және мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Калдарбеков Ерболат ағайымыздың ұйымдастыруымен мектебіміздің 9-11сынып оқушыларымен жиналыс өтілді. Жиында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, әлімжеттік, зорлық-зомбылық, нашақорлықтың алдын алу тақырыптары қаралды.
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Мектебіміздің директоры Х.Кожбанова және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Зияханов 11сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өтті. Жиналыс барысында:
-Оқушылардың ҰБТ-ға дайындық барысы;
-Оқушылардың сабаққа қатысымы;
-Оқушылардың білім сапасы көрсеткіші;
-«Ai-bilim» оқу орталығының маманы Тәлен Айгерім Махамбетқызы ата-аналармен тренинг;
-Әр түрлі мәселелер;
                  ӘНҰРАН АЙТУ ЧЕЛЛЕНДЖ
Түркістан облысы, Жетісай ауданының білім бөлімінің " №7" Тұран" мектеп-гимназия" КММ-де ұлттық құндылықтарды дәріптеу, патриоттыққа баулу мақсатында "ӘНҰРАН АЙТУ" челленджі болып өтті. " Әнұран айту" челленджін орындауға мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары түгел қатысты.
     IQANAT АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНЕ АРНАЛҒАН БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ.
30.10.2023ж күні Жетісай ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес "N7 "Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде IQANAT олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға ауданымыздағы 1009оқушы тіркеліп барлығы олимпиада тапсырмаларын орындады.
Қараша айы
N2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС.
02.11.2023ж күні мектеп директоры Х.Кожбанова және педагогикалық кеңес мүшелерінің қатысуымен N2Педагогикалық кеңес өтілді. 
Кеңесте мына мәселелер қаралды:
- Оқу жылының І тоқсанда атқарылған оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысы туралы;
-Мектептегі әдістемелік бірлестіктер, пән кабинеттерінің жұмысы, мұғалімдердің өз білімдерін көтеру шаралары;
-11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға және 9- сынып оқушыларын ОЖСБ-ға дайындаудың барысы PISA халықаралық зерттеуі туралы;
-Мектептегі қатаң есептегі құжаттардың жүргізілуі;
-Bilimclass электронды журналының толтырылуы;
-Вариативті пәндердің ұйымдастырылуы;
-Әр түрлі мәселелер;
Жоғарыдағы мәселелер толық қаралып ескертулер мен кемшіліктермен жұмыс жасау керектігі, білім сапасын көтеруде қосымша сабақтар ұйымдастырылу шаралары, bilimclass журналының толтыру ерекшеліктері, үйірме жұмыстардың құжаттары мен әдістемелік бірлестік жетекшілер құжаттарында толықтырылу керектігі ескертілді.Педкеңесте айтылған кемшіліктер мен ұсыныстар бойынша қаулы қабылданып шешім шығарылды.
"ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ, НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ, МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУ, БОС УАҚЫТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ" атты тақырыпта 9-11сынып оқушыларына жиын өтілді. Жиынға Жетісай АПБ басшысы орынбасары Жайлыбаев Сакен мырза, мектеп директоры Кожбанова Хадиша апай, мектеп инспекторы Шонықбаев Ғалымжан, тәрбие орынбасарлары Мамраймов Малик және Калдарбеков Ерболат ағайларымыз қатысты.
        СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР ЖИНАЛЫСЫ
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Зияханов 9-11сыныптың сынып жетекшілеріне жиналыс жасады. Жиналыста төмендегі мәселелер қаралды:
- Оқушылардың сабаққа қатысымы;
-Оқушылар формасы;
-Оқушылардың оқу құралдарымен жұмысы;
-Сабақ арасындағы кешіккен оқушылармен жүргізілген жұмыстар;
-Сабаққа ену;
-Сабақ жоспары;
Жоғарыдағы мәселелер толық қаралып ескертулер мен ұсыныстар айтылды.Кемшіліктерді түзету бойынша жұмыс жүргізу керектігі ескертілді.
  ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАЦИЯҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Зияханов және мектеп менеджері Б.Исабеков 9-11сыныптың оқушыларына қорытынды аттестация бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қайсы пәндер міндетті және таңдау пәндерін таңдаудағы ерекшеліктері, ауызша және жазбаша жұмыстар туралы бағасы пайызбен есептеу көрсеткіштері туралы ескертілді.
        ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
  Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Зияханов және Ұлттық тестілеу   орталығының қызметкерлері Серікбек Ергешов, Әбдімомын Алайдар,
Ғазиза Сеитова, Жасұлан Агайдаров 11-сынып оқушыларына Ұлттық бірыңғай тестілеудегі өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
  ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ МЕН ББЖМ БОЙЫНША СЫНАМА ТЕСТ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ТАЛДАУ
  Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Зияханов және мектеп менеджері Б.Исабеков 9-11 сынып пән мұғалімдерімен ұлттық бірыңғай тестілеу мен ББЖМ бойынша жиналыс өтті. Соңғы алынған сынама тест қорытынды нәтижелері пәндері бойынша қорытынды балдары туралы толық мәліметтер беріліп ,алдағы уақытта жұмыс жүйесін жақсарту керектігі айтылды.
   ЕРЕКШЕ ФОРМАТТАҒЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары М.Мамраймов Е.Калдарбеков және аға тәлімгер А.Тұрмұратованың ұйымдастыруымен 1-11сыныптың ата-аналар комитеті төрағалары, төрайымдары мен комитет мүшелерімен және Қамқоршылық кеңес төрағасы Т.Сәрсеков мырзамен ата-аналар жиналысы өтілді. Сұхбаттар алынып ұсыныстар тыңдалды.
Желтоқсан айы
"БАЛА МЕКТЕП ҮШІН ЕМЕС,
МЕКТЕП БАЛА ҮШІН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ" 
ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ
  Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Зияханов және мектеп менеджері Б.Исабеков 11-сынып оқушыларымен ҰБТ сынама тесттерін талдау жасады. Қателіктермен жұмыс жасау керектігі ескертілді.Қаңтар ҰБТ- сы жақындап келе жатқандығы сол бойынша тіркелу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жетісай ауданы білім бөлімінің "Мамандығым-болашағым" жобасы аясында мектебіміздің кәсіптік бағдар беру педагогы С. Кенжебекова бейіндік пәндері: дүние жүзі тарихы мен география таңдаған 11-сынып оқушыларымен түсіндірме жұмысы жүргізілді.Бейіндік пәндер бойынша қандай мамандықтар бар,шекті балы қанша,қай университетте білім алуға мүмкіндіктері бар екендігін түсіндіріп өтті.
 2023 жылы 15 желтоқсанда «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиалының ұйымдастыруымен педагогтердің кәсіби дамуын жетілдіру және қолдау, оның ішінде тәжірибе алмасу мақсатында «Педагогикалық шерулер» атты республикалық семинар Жетісай ауданына қарасты «Тұран» мектеп-гимназиясының базасында өтті.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕРУЛЕР" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАРҒА АУДАН БАСШЫЛАРЫ МЕН ҰСТАЗДАРЫ, ОБЛЫС ҚОНАҚТАРЫ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКА КӨЛЕМІНДЕГІ ӘРІПТЕСТЕР ҚАТЫСТЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДА ТАРИХИ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
    №7 «Тұран» МГ коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15.12.23 күні Республикалық «Педагогикалық шерулер» тақырыбында тарих пәні мұғалімі Г. Наханова, кітапханашылар Г. Серікбаева мен Р. Рапишеваның ұйымдастыруымен «Ғасырлар даналығы.Қ.А.Яссауийдің туғанына 930-жыл » атты тарихи кешін өткізді. Өтілген тарихи кешті ауданымыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері А.Қарсыбаева мен химия пәні әдіскері З.Оспанова өз алған әсерлерімен бөлісе отырып,кешке қатысқан оқушылар мен ұйымдастырған ұстаздарға алғыс білдіріп қорытындылады.
 Сіз үшін өмірдегі ең маңызды адам кім" тақырыбындағы тренинг.Тренер Файзиев Нұржан ағай.
    “ N 7 “ Тұран” мектеп-гимназия КММ 9-11сыныптардың жетекшілеріне өткізген жиынында төмендегі мәселелер қаралды:
- 1 - ші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша алынған әкімшілік бақылау жұмыстарының нәтижесі;
- Пәндер бойынша ТЖБ жұмыстарына сынып оқушыларын түгел қатыстыру, ата- аналарымен тығыз байланыс орнату;
- Мектебімізде өтілетін “Гимназия күні” мерекелік іс- шарасына белсене қатысу және үздіктер шеруін ұйымдастыру; 9-11 сынып оқушыларын қатыстыру және ата-аналарын қонаққа шақыру;
- Мектептегі денсаулығына байланысты үйде оқитын оқушылардың үйлерін аралап, мерекелік іс-шараға қатыстырып, жаңа жылдық сыйлықтармен құттықтап, марапаттау;
- 2 - тоқсанды жақсылап аяқтап, 3 - тоқсанда атқарылатын жұмыстардың жоспарымен таныстырып өтті;
  «Гимназия күні»
25 желтоқсан мектебімізде айрықша дата ретінде есте қалатыны белгілі.Себебі 2006жылы осы күні мектебіміз "Гимназия" статусын иеленген болатын. Бүгін мереке аясында Зерде ғылыми жобалар сайысынан облыстық кезең жеңімпаздарымен жүлдегерлерін мектебіміз директоры Х.Кожбанова және Жетісай ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Исаева Разия апай марапаттады. Марапатталған оқушыларымыз:
Жарылқасын Асылжан-Облыстан І орын 10000теңге сертификатталды.
Зайт Дияс - Облыстан І орын 10000теңге сертификатталды.
Альжан Аян-Облыстан І орын 10000теңге сертификатталды.
Сейдалы Каусар - Облыстан ІІ орын 8000теңге сертификатталды.
Давуд Динара-Облыстан ІІІ орын 5000теңге сертификатталды
Паташ Нурислам-Облыстан ІІІ орын 5000теңге сертификатталды.
 ГИМНАЗИЯ КҮНІ МЕРЕКЕСІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
     Мектебімізде  25 желтоқсан мектеп тарихында елеулі күн екендігі белгілі. 2006жылы мектеп тарихында көп салалы мектептен "Гимназия" статусын алған болатын. Гимназия күні мерекесін тойлау жылдағы іс-шаралар қатарында тойланып келеді. Айтулы іс-шараға Жетісай ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Р.Исаева және ардагер ұстаздарымыз Тұрар ағай, Ғалия апай, Жайна апай, Фарида апай және ата-аналар қатысты. Іс-шарада Республикалық "Педагогикалық шерулер" тақырыбында өткен семинарда сабақ өткен әріптестер марапатталды. Концерттік бағдарламада ән мен биден бөлек үздіктер шеруі ұйымдастырылды.