ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ҚАРАСТЫ "N7 "ТҰРАН" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ" КММ 2023 ЖЫЛЫ ҚАҢТАР АЙЫ МЕН ЖЕЛТОҚСАН АЙЛАРЫ АРАСЫНДА ТҰҒЫРДЫ БАҒЫНДЫРУ » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ҚАРАСТЫ "N7 "ТҰРАН" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ" КММ 2023 ЖЫЛЫ ҚАҢТАР АЙЫ МЕН ЖЕЛТОҚСАН АЙЛАРЫ АРАСЫНДА ТҰҒЫРДЫ БАҒЫНДЫРУ
25
декабрь
2023

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ҚАРАСТЫ "N7 "ТҰРАН" МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ" КММ 2023 ЖЫЛЫ ҚАҢТАР АЙЫ МЕН ЖЕЛТОҚСАН АЙЛАРЫ АРАСЫНДА ТҰҒЫРДЫ БАҒЫНДЫРУ




Бүгінгі жаһандану заманында білім беру ісіне, мұғалімдерге жас ұрпақты тәрбиелеуде жаңа көзқарастар пайда болды. Тәуелсіз ел атанып,төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесін арттырып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлтымыздың болашағы – жас ұрпаққа білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлы былай деген екен: «Мұғалім қандай болса,мектеп һәм сондай-ақ болмақшы.Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика-методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Осы орайда мұғалімге қойылатын талаптар да өте жоғары. Мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және мықты маман болуы қажет. Мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс.    Мектепте оқытуды жақсартуға, мұғалімдерді ынталандыру және кәсіби дамыту мәселелеріне басты назар аударып келеді. Мектебімізде 2023жылы жеткен жетістері мен  толағай табыстары ауыз толтырып айтарлықтай. Енді солардың әрқайсысына тоқталып өтсек:
- 2-7 сынып оқушыларына арналған "Зерде" ғылыми жобалар сайысының Республикалық кезеңінде үш оқушымыз бақ сынап Альжан Аян мен Зайт Дияс Экология бағыты бойынша сертификатталды.Жетекшісі Надиров Нүрсұлтан. Орыс тілі мен әдебиеті бағыты бойынша Бақыт Дархан Республикалық кезеңде ІІІ орын иеленді.Жетекшісі педагог-шебер, үздік педагог-2019 республикалық кезең жеңімпазы Раймбекова Улжан.
- Жетісай ауданы білім бөлімінің бұйрығымен ұйымдастырылған мектеп директорларына арналған "Табысты менеджер-2023" сайысына мектебіміздің директоры Кожбанова Хадиша Нартаевна қатысып ауданнан І орын иеленіп облыстан "Жаңашыл Көшбасшы" номинациясын жеңіп алды.
8-11 сынып оқушыларына арналған ғылыми жобалар сайысынан биология пәнінен 10сынып оқушымыз Паташ Ақжусан ауданнан І орын иеленіп облыстық кезеңге жолдама алды.Жетекшісі Тукоякова Нагима.
Физика пәнінен 10сынып оқушысы Абилкайр Ақзере ауданнан І орын иеленіп облыстан ІІІ орын иеленді.Жетекшісі Бижигитова Нұржамал
Химия пәнінен 10сынып оқушысы Алмасұлы Абылайхан ауданнан ІІ орын иеленді.Жетекшісі Кудиярова Айман.
Тарих пәнінен 10сынып оқушысы Алихан Аяулым қатысып ІІ орын иеленді.Жетекшісі Амзеева Гулбағила.
Ағылшын тілі пәнінен 10сынып оқушысы Ділдаханова Лаззат І орын иеленді. Жетекшісі Абенова Алтын.
Математика пәнінен 9 сынып оқушысы Оразходжа Гүлназ ІІ орын иеленді. Жетекшісі Мырзатаева Ақерке
- Мектебімізбе аудан көлемінде сәуір айында алғаш рет "Ата-аналар" форумы өткізілді.1-11сынып оқушыларымен аудандық ата-аналар комитеті төрағаларының қатысуымен іс-шара ұйымдастырылды.
- Жас мамандарға арналған "Педагогикалық дебют" сайысынан орыс тілі мен әдебиеті пәні бағыты бойынша Жұманазарова Мария ауданнан ІІ орын иеленді.
- Аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен "Дүниежүзілік еңбек" күніне орай ұйымдастырылған "Ой-дода" интеллектуалды сайысынан"Тұран" командасы І орын иеленіп облысқа жолдама алды.
- 7-8 сынып оқушыларына арналған аудандық пән олимпиадасында Химия пәнінен Бақыт Дархан қатысып ауданнан      І орын иеленіп облыстық кезеңге жолдама алды.Жетекшісі Тулентаев Алғабас.
-2022-2023жыл қорытындысы бойынша мектебіміз аудандық рейтингте аудан мектептерінің арасынае  жетінші орынды иеленді Мектеп басшысына аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Шукурбаева 10күнге "Манкент" шипажайына жолдама берді. Мектебімізде бұл үрдіс жалғасын тауып Раимбекова Улжан апайға рейтингте І орын иеленгені үшін 10күнге "Манкент" шипажайына жолдама берілді. Рейтингте ІІ-ІІІ орын иеленген Надиров Нұрсұлтан мен Тулентаев Алғабасқа Қырғызстан Республикасы "Ыстықкөл" шипажайына демалысқа жолдама берілді.
- 3-4 сынып оқушыларына арналған "Алтын сақа" олимпиадасынан 4сынып оқушысы Мэлсұлы Арсен қатысып ауданнан І орын, Облыстан І орын иеленді.Жетекшісі Претова Гүлжамал.
- "Ой-дода" интеллектуалды сайысының облыстық кезеңінде "Тұран"командасы 34 команданың ішінен жүлделі ІІІ орын иеленіп 300000теңгелік сертификат жеңіп алды. Түркістан қаласында өткен "Аmanat" партиясы ұйымдастырған сайыстанда ІІІ орын иеленіп қанжығалары майланды.
-2022-2023оқу жылының соңында мектебімізді 9 алтын белгі, 6 үздік аттестатқа аяқтаған оқушыларымызды салтанатты түрде марапатталды. Барлығы ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары оқу орындарына грант иегері атанды.
- Шілде айында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі педагог-шебер Раимбекова Улжан "Үздік педагог-2023" сайысының аудандық кезеңіне әділқазы мүшесі болды.Қыркүйек айында "Үздік педагог-2023" конкурсының облыстық кезеңіне әділқазы мүшесі болды.
-Қазан айында "Ұстаздар" мерекесіне орай Астана қаласында І Республикалық мұғалімдер сьезіне орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Раимбекова Улжан қатысты.
- Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұйымдастырылатын "Ыбырай оқулары" сайысынан Балтабай Роза қатысып ІІ орын иеленді. Абай оқуларынан 8 сынып оқушымыз Эсманұр тұғырдың ІІ сатысынан орын алды.
- "Менің кіші Отаным"  сайысынан тарих пәнінен Паташ Ақжусан қатысып аудан көлемінде ІІІ орын иеленді.Жетекшісі Оспанова Бейсенгүл.
- Мектеп директорларына арналған "INTELLEKTUM DD2" сайысына мектебіміздің директоры Х.Кожбанова қатысып ауданнан І Орын иеленді. Түркістан қаласында өткен облыстық кезеңде де І Орын иеленіп Республикалық кезеңге жолдама алды.Атырау қаласында өткен Республикалық кезеңде 40команданың ішінен үздік төртікке кіріп Алғыс Хатпен марапатталды.
- "Алтын сақа" олимпиадасынан  6”А” сынып оқушысы Нұрғали Жания 1 орын иеленіп, облысқа жолдама алғаны үшін марапатталды. Жетекшісі математика пәні мұғалімі Маханбетова Кенжегуль.
5 "Ә" сынып оқушысы Беркимбай Асылзат 1-орын иеленіп,облысқа жолдама алғаны үшін марапатталды.
Жетекшісі: математика пәні мұғалімі Мырзатаева Ақерке.
5 "Ә" сынып оқушысы Умирзак Айару 3-орын иеленгені үшін марапатталды.
Жетекшісі:математика пәні мұғалімі Мырзатаева  Ақерке 
5 "Б" сынып оқушысы Нұржігіт Жания 3-орын иеленгені үшін марапатталды.
Жетекшісі: математика пәні мұғалімі Құдасова Ақмарал.
-2023-2024 оқу жылында математика пәнінен "Алтын сақа" олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілген.  Олимпиада жеңімпаздарын марапаттауға арнайы Астана қаласынан "Зерделі " ақыл- ой дамыту мектебі ЖШС бас директоры  ЫРЫСБЕК МӘУІТҰЛЫ мырзаның өзі келіп марапаттады. 3 "А" сынып оқушысы ЛЕСБЕК ЖАНИЯ 2-орынға иеленді..Сынып жетекшісі Фаттекова Құрбанкул апай.           4 "Ә "сынып  оқушысы МЭЛСҰЛЫ АРСЕН 1-орынға иеленіп облысқа жолдама алды. Сынып жетекшісі  Претова Гулжамал апай. 
- Ұстаздар күніне орай мектебімізде Оқу-ағарту министрі Ғани Бисембаевтың Алғыс Хаты келді.
- Мектебімізбе дәсүрлі ауыл мектептеріне арналған "ІQanat"  олимпиадасының аудандық және облыстық кезеңдерін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Алғыс Хатпен марапатталды.
- Жетісай ауданы білім бөлімінің бұйрығымен "Үздік авторлық бағдарламалар" сайысынан математика пәні мұғалімі Мырзатаева Ақерке ауданнан І орын, облыстан ІІІ орын иеленді.
- География пәнінен аудандық мұғалімдер олимпиадасынан Надиров Нұрсұлтан             І орын иеленіп  облыстық кезеңге жолдама алды.
- Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мұғалімдер  олимпиадасынан Алдабергенова Тұрсынай ІІ орын иеленді.
-Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен  мұғалімдер олимпадасынан Рахметова Гүлнар ІІ орын иеленді.
-Математика пәнінен мұғалімдер олимпиадасынан Кадырханова Алия ауданнан ІІ орын иеленді
-Физика пәнінен мұғалімдер олимпиадасынан Бижигитова Нұржамал Алғыс Хатпен марапатталды.
- Зерде ғылыми жобалар сайысы бойынша
Орыс тілі Касмурзаева Г. оқушысы Арон мен Жансезім ауданнан І орын облысқа жолдама
География Надиров Н. оқушысы Дияс пен Алжан  ауданнан   І орын облысқа жолдама
Химия Тулентаев А.оқушысы Асылжан  ауданнан    І орын облысқа жолдама
Математика Құдасова А.Оқушысы Кәусар  ауданнан І орын облысқа жолдама
Информатика Ермек Б. оқушысы  Нурислам ауданнан    І орын  облысқа жолдама
Бастауыш Касымбекова А оқушысы Динара  ауданнан     І орын облысқа жолдама.
Биология Аралбаев Т. Оқушысы Аяна  ауданнан     І орын Облысқа жолдама.
Орыс тілі Рахметова Г.оқушысы ІІ орын.
Тарих пәні бойынша Юнусов Н ІІІ орын.
7 оқушымыз облысқа жолдама алды.
- Зерде ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңінде
Химия бағыты бойынша Жарылқасын Асылжан Облыстан І орын Республикаға жолдама
Экология бағыты бойынша Зайт Дияс пен Алжан Аян облыстан І орын иеленді
Математика бағыты бойынша Сейдалы Кәусар ІІ орын иеленді
Информатика бағыты бойынша Паташ Нурислам ІІІ орын иеленді
Спорт және туризм бағыты бойынша Давуд Динара ІІІ орын иеленді
Орыс тілі мен әдебиеті бағыты бойынша Арон мен Жансезім Алғыс Хатпен марапатталды.
Эиномәдениеттану бағыты бойынша Жұмабай Аяна Алғыс Хатпен марапатталды.
- "Педагогикалық идеялар" фестивалінен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мүғалімі Абишева Мөлдір ауданнан ІІІ орын иеленді. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Жұманазарова Мария ІІІ орын иеленді. Тарих пәнінен Амзеева Гүлбағила ІІІ орын иеленді. Химия пәнінен Тулентаев Алғабас ІІІ орын иеленді. Математика пәнінен Акжигитова Жанар ІІ орын иеленді. География пәнінен Надиров Нұрсұлтан            І орын иеленді.
- "Педагогикалық идеялар" фестивалінің облыстық кезеңінде география пәні мұғалімі Надиров Нұрсұлтан өз пәнінен облысты бағындырып І орын иеленді. Және химия, биология жаратылыстану пәндерінің ішінен Республикалық кезеңге І ғана жолдама берілетін ақтық сында да І орын иеленіп Респубоикаға жолдама алды.
- "Педагогикалық шерулер" тақырыбындағы республикалық семинар.
"№7"Тұран"мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15 желтоқсан күні "Педагогикалық шерулер" атты тақырыпта ресубликалық семинар болып өтті. Семинардың мақсаты; педагогтардың қызметіне курстан кейінгі қолдануды ұйымдастыру және жүргізу;                                                                                                                                                                                                                   біліктілік арттыру курсынан өткен педагогтердің кәсіби қызметіндегі өзгерістерді мониторингілеу және талдау;                                                    оқыту және оқу процестерін табысты жоспорлаудағы педагогтердің жеке дамуын зерттеу;                                                                                        Семинардың бағдарламасымен Түркістан облысының өкілдік басшысы Нұрлыбаева Жанат Лесбековна, "Өрлеу" БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы КДИ" филиалының алға оқытушысы Матекова Бахтигуль Темирхановна ханымдар таныстырып өтті.    Қонақтарды ерекше құрметпен қарсы алу және тіркеу жұмыстарынан соң,мектептегі "Қаламгер" "Interesting English" үйірме оқушыларының қатысуымен қойылым қойылды,өлеңдер оқылды,әндер шырқалып,билер биленді.                                                               Республикалық семинарды "Өрлеу" БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ" филиал директоры ғ.к, профессор Лаура Тұрлыбекқызы Искакова мен Жетісай ауданының білім бөлімінің басшысы Ғазиза Әлібекқызы Шукурбаевалар ашып берді.Семинардың мақсаты мен мазмұны туралы түсіндіріліп өткеннен кейін әр түрлі тақырыптарда баяндамалар оқылды.Ең бірінші болып "Өрлеу" БАҰО АҚФ Республикалық КДИ,ЖМжГПОӘМжӘ кафедрасының аға оқытушысы,магистр Есентаува Айжан Идрисовна "Оқу сауаттылығын қалыптастырудың өзектілігін;оқушының оқу сауаттылығын дамытудағы мәселелер" деген тақырыпта баяндама оқыды.Одан соң "Өрлеу"БАҰО" АҚФ "Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты" "Кәсіби білім беру" кафедрасының аға оқытушысы Абишева Алина Муратовна мен Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты география пәнінің мұғалімі  Уйсимбаева Шугыла Кузембаевна "География сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары" деген тақырыпта, Өрлеу" БАҰО"АҚФ Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Мыханова Орынкул Жуматаевна  "Цифрлы қоғам; цифрлы оқыту технологиялары және мұғалім тұлғасы " деген тақырыпта баяндамалар оқыды.Содан кейін өз ретімен көптеген тақырыптарда баяндамалар оқылып,сұрақ-жауаптар жүргізілді.Атап айтар болсақ;"ӨРЛЕУ"БАҰО АҚ  "Жамбыл облысы бойынша КДИ"филиалы "Инновациялық оқыту және педагогикалық технологиялар" кафедрасының аға оқытушысы,магистр Скакова Биби Аргынбаевна "Тарих сабағын оқыту мен оқу процестерін табысты жоспорлау"  тақырыбында,"Өрлеу"БАҰО"АҚФ "Алматы облысы бойынша Кәсіби даму институты" "Әдіснама және педагогикалық инновация" кафедрасының аға оқытушысы Мухамадиева Мариямбуви Нариманована "Бастауыш сыныптарда негізгі пәндерді оқытуда белсенді әдіс-тәсілді қолдану"  тақырыбында, Түркістан облысы,Жетісай ауданы №72 ЖОМ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сабденова Тындыкыз Атымтаевна мен  М,Маңғытаев ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі Ерденова  Кумискул Мусаевна  "Жеке тұлға тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың ролі", тақырыбында,Шығыс Қазақстан облысы,Өскемен қаласының білім бөлімі "Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі"КММ.Тарих пәнінің мұғалімі,педагог-шебер,"Үздік педагог" атағын иеленуші  Чекетаева Роза Сарқытбекқызы "Оқушыларды ғылыми жобаға дайындауда жобаның ғылыми аппараты"  деген тақырыпта, Шымкент қаласы,Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған IT лицей-интернатының тарих пәні мұғалімі,"Үздік педагог"атағын иеленуші Торғаев Бауыржан Пірматұлы "Жетістікке жету өз қолыңда"  деген тақырыпта, Түркістан облысы,Жетісай ауданы Алпамыс батыр атындағы №8 ЖББМ география-тарих пәндерінің мұғалімдері  Абдуллаев Максат Аманович пен Абенов Жандос Пернебаевич "PISA" халықаралық зерттеуіне оқушыларды дайындау "  деген тақырыпта, Шымкент қаласы,ЖШС "ACADEMY of GOLDEN KIDS" мектебі Директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары Мангутов Бахтыбай Мусаевич "Білім алушылардың білім жетістіктерінің моноторингісі " деген тақырыпта, Түркістан облысы Сауран ауданы Молда Мұса атындағы жалпы орта мектебі КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ахметова Лаззат Баратбековна "Тарихи оқиғаларды есте сақтаудың тиімді жолдары" деген тақырыпта, Түркістан облысы,Жетісай ауданы Амангелді атындағы  ЖББМ биология пәнінің мұғалімі,директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Шегебаева Гулмира Құрбанқызы "Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту (PISA тапсырмалары негізінде)"  тақырыбында баяндамалар оқыды.Келесі кезекте Түркістан облысы,Жетісай ауданының әдістемелік кабинет меңгерушісі  Исаева Разия Орынбасаровна "Жетісай ауданының білім бөлімінің білім саласы ;жетістіктері мен жоспарлары" туралы айтып өтті,                                                                                                                                                                                                                     Осындай мазмұнды баяндамалардан кейін мектебіміздегі озат,тәжірбиелі мұғалімдердің сабақтарына ену жалғасын тапты.Түркістан облысының өкілдік басшысы Нурлыбаева Жанат Лесбековна мен мектебіміздің  директоры Кожбанова Хадиша Нартаевна түскі үзілістен кейін жалғасын табатын бағдарламамен таныстырып өтті,мектеп психологтары Тургунбаева  Дина Байбосыновна мен Сабденова Бота Серикбаевналар келген қонақтармен,ұстаздармен  психологиялық тренингтер өткізді.                                                      Сағат 14.00-15-15 уақыт аралығында 2 "Ә" сыныбымен Абенова Гулсара Талиповна "Құрама есептерді шығару" тақырыбында, 9 "А" сыныбымен Алимкулова Маржан Көмекқызы "Clil: Ecology Solving; ecology problems" деген тақырыпта, 11 "В" сыныбымен Алдамуратова Улболсын Мамырасиловна "С.Елубай ""Жалған дүние "романы" тақырыбында,  10 "Ә" сыныбымен Надиров Нурсултан Сабырович "Геосфераның ластануы"тақырыбында,Бижигитова  Нуржамал Тансыкбаевна 7 "Б" сыныбымен "Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау" тақырыбында,Акжигитова Жанар Еркинбековна 11 "А" сыныбымен "Дәрежелік функцияның  қасиеті мен графиктері"тақырыбында, Аденова Зауреш Амалбековна 5"А"сыныбымен "Уақыттың қадірі" тақырыбында,Претова Гулжамал Абдикаликовна 4 "Ә"сыныбымен  "Заттардың қасиеті өзгере ме?" тақырыбында, Тулентаев Алғабас Нураллаұғли 8 "А"сыныбымен "Химиялық реакциялар"тақырыбымен, Тукаякова Шарипа Романовна 8 "Ә"сыныбымен  "Қанның формалы жасушалары" тақырыбында ашық сабақтар өтті.                                                                                                            Әрбір ашық сабақтар жаңартылған білім мазмұнына сай,жаңа форматта,түрлі қызықты әдіс-тәсілдермен, балалардың білімге деген құштарлығын,қызығушылығын арттыратын жоғары деңгейде өтілді.Мектебіміздің ұстаздары"Мен үшін жақсы мұғілім бәрінен де артық,өйткені мұғалім -мектептің  жүрегі "деген Ы.Алтынсариннің сөзін тағы да бір дәлелдегендей болды.                                                   Одан кейін 15.40-16.35. уақыт аралығында Шебер-ұстаз , "Үздік педагог" Раимбекова Улжан Кеттешкызының шеберлік сабағы,мектеп мұғалімдері Жақып  Мақсат Падаходжаұлы мен Исабеков Берик Даутбаевичтің "Ой дода " мұғалімдер арасындағы сайысы,мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Зияханов Арман Абдиразакович пен Аралбаев Табиғат Маратұлының  "Intellektum DD2"директорлар дебаты,тарих пәнінің мұғалімі Наханова Гулмира Амантайқызы мен мектеп кітапханашылары Серикбаева Гулмира Беркиновна мен Рапишева Райхан Орынбасаровналардың  "Қ.А.Яссауидің  туғанына 930 жыл толуына " орай ұйымдастырылған тарихи кеші, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Актаев Мухтар Аширбекұлы "АКТ-ны сабақта тиімді пайдалану" деген тақырыптағы тренинг сабақтары жоғары дәрежеде өткізілді,келген қонақтар өткізілген әрбір іс-шараға,сабақтарға өздерінің жоғары бағаларын берді.                                                                      Семинарды "Өрлеу " БАҰО АҚ Түркістан облысы мен Шымкент  қаласы бойынша КДИ" филиалының аға оқытушысы Матекова  Бахтигуль Темирхановна  қорытындылап, семинарға белсене қатысқан ұстаздарымызды  марапаттады.                             Келген қонақтардан кері байланыс алынды.Олар мектебіміздің директоры Кожбанова Хадиша Нартайқызына, ол кісі басқарып отырған ұжым мүшелеріне, ұстаздарымызға алғыс білдіріп,шығармашылық табыстар тіледі.
- 9-11сынып оқушыларына арналған пән олимпиадасынан  Биология пәнінен
9 сынып Низамидин Нұрсұлу ІІІ орын 
жетекшісі Тукоякова Шарипа
Биология 11сынып 
Алмасұлы Абылайхан ІІІ орын.Жетекшісі Аралбаев Табиғат.
10 сынып оқушысы Сарсенбай Абылайхан информатика пәнінен І орын алып облысқа жолдама алды.Жетекшісі Актаев Мухтар
-Түркістан облысы мектеп директорларының арасында INTELLEKTUM DD2 Директорлар дебаты облыстық турнирінің Супер финал ойындарында топ арасынан үздік шығып І орын иеленгені үшін "N7 " Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Кожбанова Хадиша Нартайқызы және N49 "Сырдария" жалпы білім беретін мектеп директоры Еринбетова Гулжазира Налжигитовна марапатталды.
ТҰРАН МЕКТЕБІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ БИІК БОЛСЫН.ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР МЕН ЖЕҢІСТІ КҮНДЕРІМІЗ КӨП БОЛСЫН