Педагог-психологтардың жоспарлы түрде жасалған жұмыстарының есебі » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог-психологтардың жоспарлы түрде жасалған жұмыстарының есебі
25
декабрь
2023

Педагог-психологтардың жоспарлы түрде жасалған жұмыстарының есебі



https://www.facebook.com/100012361658637/videos/1842178146233305/
https://www.facebook.com/100012361658637/videos/876964733916463/
https://www.facebook.com/100012361658637/videos/891105302396382/
https://www.facebook.com/100012361658637/videos/1544857916288844/

«Тұран» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
09.01.2023-28.12.2023 жылы аралығында  педагог-психологтардың жоспарлы түрде жасалған жұмыстарының есебі
Мектептегі психологиялық қызметінің негізгі бағыттары:
 Психологиялық диагностика
 Психологиялықтүзету-дамыту
 Психологиялықалдын-алу
 Психологиялықкеңес беру
 Психологиялықағарту
Қаңтар айында «Мен өмірді сүйемін!» атты 9-11 сыныптар арасында тренингтер өткізілді. Мақсаты: Өмірге деген құштарлықтарын ояту. 9-11 сыныптар арасында кездесулер, сауалнама, тренинг, тест, әңгіме әдістері қашықтықтан өткізілді. 
Сонымен қатар «Бес терек» ғылыми практикалық жұмысының аясында  жасөспірімдер арасындағы деструктивті және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу шараларын ұйымдастыру мақсатымен 5маманның бірлескен жұмысын жоспарладық.
1. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары
2. Сынып жетекші
3. Әлеуметтік педагог
4. Педагог-психолог
5. Мектеп инспекторы
Осы жоба аясында кабинеттік талдау жұмыстарын қаңтар айынан жоспарладық. Жоспарға сәйкес 5 маманның қорытынды нәтижесінде жасалған тізімі төмендегі кестеде көрсетілді 
 «Бес терек» жобасы бойынша кабинеттік талдаудың жасыл,сары,қызыл деңгейі бойынша анықталған балалар саны туралы мәлімет 
№  Мектебі 5-11 сынып жалпы бала саны  қауіпті жасыл деңгейге енген бала саны  қауіпті сары  деңгейге енген бала саны  қауіпті қызыл деңгейге енген бала саны 
Жетісай ауданы 
«№7 «Тұран» мектеп-гимназия» 536 оқушы 184 оқушы   28 оқушы  
Ақпан айында «Менің арманым» тақырынбында 5-11 сыныптар арасында эссе жазылды. 9-11 сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығын анықтауға арналған  Е.А. Климовтың  әдістемесі алынды.Мақсаты: Оқушының кәсіби бағыттылығын анықтауға арналған тест. Осы тест арқылы оқушы өзінің қабілетін, қызығушылығын, мамандықты дұрыс таңдай білуін анықтайды.
Е.А.Климов әдістемесі
№ Оқушының аты-жөні Табиғат Техника. Белгі жүйе Көрк образ Адам
 9-сынып 12% 18% 49%
 10- сынып 22% 26% 4% 29%
 11-сынып 19% 21% 21%
Сынып оқушыларының басымы «Адам-адам» 49%,29%,21%  еңбектің объектісі топтар, ұжымдар болып табылады. Мамандықтар қызмет көрсету сферасы, медицина, педагогика, юриспрденция және бейімінің айқындылығы орта деңгейде екенін байқатты. «Адам-табиғат» таңдаған 12%226%19%. Осы типтің өкілдері еңбектің объектілері ағзалар,өсімдіктер,жануарлар және биологиялық процестер болып саналады. Мұнда аграном, зоотехник, ветеринар, бақ күтуші, орманшы сияқты мамандықтар кіреді.  Климов әдістемесінде «Белгілер жүйесін» 18%,26%,21% «Көркем образ» 4% таңдаған. Бұл мамандықтар түрі: аудармашы, програмист, бухгалтер, экономист, корректор, іс-жүргізуші, сараптамашы.
Мұндай жұмыстар үшін кестелерге, формула, сызба, карталарға деген қызығушылықтары болғаны жөн. Кәсіптік бағдар беру  9 сынып оқушыларының арасында әр оқушының бейімділігін мінез-құлқының психологиялық типтерін, жекеленген мамандықтың салаларына бейімділіктерін, таңдаған мамандықтарының сәйкестіктерін, мамандық таңдауға көмектесу,  тренинг сабақтар, анықтау мақсатында   «Д.Голландтың тұлғаның типтерін анықтау тесті» жүргізілді.
Голландтың кәсіби-тұлғалық типті анықтау нәтижесі 9 және 11  сынып оқушыларының басымы «Іскер типті» таңдаған 28%. Осы типтің өкілдері басымдылықты, өзін айналасын мойындағанын, жетекшілік жасағанды жақсы көреді. Басшылық, билік,  жақсы қабілеттерді меңгерген. Әртіс, журналист, телеоператор, меңгеруші, директор, дипломат қызмет түрлерін қалайды.Әлеуметтік типті таңдаған 42% Жанындағыларға ақыл айтқыш, жаны ашып, аяушылық білдіріп тұрады.
 Ұнататын қызмет салалары : Психология, медицина, педагогика,ІТ салалары.
 Наурыз-сәуір айларында  «Үй ,ағаш,адам » проективті әдісі 5-11 сыныптар арасында өткізілді.
Ағартушылық бағыты бойынша «Ата-аналар және олардың қарым-қатынасы» атты ата-аналар жиналысы өтті.  9-11 сынып оқушылары арасында мектеп жасындағы қыз балаларымен ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында психологиялық жұмыстар жүргізілді.Мысалы: ««Қыз қылығымен» әңгіме- сұхбат, «Ерте жүктілік зорлықтың белгісі», «Баланың психологиялық даму ерекшеліктері», «Қандай әсем әйел», «Ананың ізін қыз басар» тақырыбында  баяндамалары жасалып,түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  
Мамыр айында ата-аналармен «Жасөспірімдік шақтың психологиялық  ерекшеліктері»  тақырыбында  кездесу,дәріс сабағы өткізілді. Дәріс сабақта ата-аналарға презентация көрсетілді.
Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Жиналыс барысында ата-аналарға «Сенім кабинеті» және «Сенім жәшігі» жөнінде де айтылды. Ол жерге түскен хат мазмұндары құпия түрде сақталады.
           Қорытынды: 9-11 сынып оқушылары арасында зерттеу жүргізілді. Зерттеу жүргізу барысында оқушылардан жыныстық сипатта зорлық-зомбылық болмаған   әрекеті байқалмады. Оқушыларға әрбір сұрақтар талқыланып, оқушылармен топтық түсінік жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді.
Сонымен қатар жыл бойы мектебімізде психологиялық бағыттар бойынша үлгерімі төмен, дарынды оқушылармен жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп отырды. 9 сыныптар мен 11 сыныптар арасында ҰБТ мен ББЖМ-ға дайындыққа көмек көрсетудің бірнеше әдістері айтылып тренингтер өткізілді. «Стрессті қалай жеңуге болады?», «Сен және сенің болашағын», «Дүниетаным, өмірлік жоспар және кәсіби таңдау» атты дөңгелек үстелдер мен тренинг сабақтары өтті.
     Қыркүйек айында  Мадт сынып оқушыларының мектепке  бейімдеу мақсатымен психологиялық  жұмыстар жүргізілді.Оқушылар саны -33
       Мектепке дейінгі кезеңде жас ерекшелігіне сәйкес баланың өзін-өзі бағалауының сақталуы, танымдық және тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен өзара байланыс  жасауға дайындығы қарастырылады. Мектепалды даярлық топтағы балалар әр нәрсеге әуестігімен ерекшеленеді.  Қазіргі кезде мектептің қойып отырған талабы-жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген білімдерін  күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік шеберлікпен қолдана білу. Осы жетістіктерге жету үшін мұғалім алдындағы оқушының мінез-құлқын, сана сезімінің жетілу дәрежесін таным процестерінің (қабылдау, зейін, қиял, ес, ойлау) дұрыс қалыптасуын қадағалап әрі дамытып отыру қажет.
    Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: «Баланың ақыл-ой дамуын, қызығушылығын, қабілетін, бейімін білмей оны тәрбиелеуге болмайды», -дейді. Баланы барлық жағынан тәрбиелеу үшін, оны барлық жағынан білу керек деген дана педагогикалық шындықты әр кез есте сақтау қажет.
    В.Ф.Одоевский мектепке дейінгі жаста оқытуды «Қандай да болмасын ғылымға дейінгі ғылым» деген. Дәл осы мақсатта қыркүйек айының 04-08 күндері аралығында мектепалды даярлық тобы оқушылары арасында  танымдық процестерін дамытуға арналған жаттығулар жүргізілді. Психологиялық зерттеу  жұмысына  мектебіміздегі 2 мектеп алды даярлық тобы  қатысты.              
Мектепалды даярлық топ оқушыларына 4 тапсырмадан тұратын  ойлауын, зейінін, қабылдауын анықтайтын жаттығу тапсырмалар алынды.
Сонымен қатар мектепке дайындық сыныптарымен көптеген тренинг сабақтар ұйымдастырылды.Атап айтар болсақ, «Тербеледі ағаштар» ,« Өрме жіп » ,« Мен ұқыпты баламын », «Қолқап» ойын әдістемелері.
         Оқу жылында  1 сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейін анықтау үшін Керн-Йерасек тесті алынды. Онда  оқушылар  «Ер адам суретін салу», «Сөздер көшірмелері», «Нүктелер көшірмесі» және «Отбасы» суретін салды.
       «Менің отбасым» суретті тестінің қорытындысы бойынша бірінші сынып оқушыларының отбасындағы жағдайлары жақсы, эгоцентризмі және мазасыздану деңгейі орташа екендігін анықталды. Балалардың осы проблемаларын ескере отырып, оларды түзету-дамыту тренингін өткізу қажет екені байқалады.
     «Баспалдақ әдістемесі»бойынша  баланың өзін-өзі бағалау деңгейін бақылау мақсатымен жүргізілген әдістеме арқылы өзіндік бағалауы жоғары деңгейдегі  оқушылар қатары көп екендігі анықталды.
1 сынып оқушыларымен балалардың таным процесін зерттеу әдістері арқылы оқушылардың қабылдау ерекшеліктері, есте сақтау, байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттері анықталды. Қатысқандар саны  - 66 оқушы.
1 «А» сынып            
 1 «Ә» сынып
1 «Б» сынып
Мектеп психологтарының жұмыс жоспары бойынша  қазан айында   бірінші сыныптардың бейімделуін бақылау әкімшілік тарапынан жүргізілді.Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 1 сынып оқушыларының бейімделуі қалыпты жағдайда екендігі байқалды. 
       Қазан айында 5-11 сыныптар арасында сынып лидерін анықтау мақсатында социометрия әдісі жүргізілді. Зерттеуге 304 оқушы қатысты. Әр сыныптан сынып лидерлері анықталды.
5 сынып оқушыларынан мектептегі беймазалылықтың нысанын анықтау мақсатында желтоқсан айында орта буынға «Бейімделу»тесті жүргізілді. Тестке 128 оқушы қатысты. Желтоқсан айында адаптация деңгейін анықтау мақсатында 5 сынып орта буын, 10 сынып жоғарғы буын, 1 сынып кіші буынға бейімделуі қалай жүріп жатқанын анықтау мақсатында сабақтарға еніп отырдық. 
Қазан  айында оқушылардың оқуға деген көзқарасын анықтау мақсатында 5-8 сыныптар арасында сауалнама алынды. Сауалнамасының нәтижесі бойынша балалардың оқу мотивациясы екі деңгейде де көрініс бергенін анықтады. Сауалнамаға  288 оқушы қатысты. Қорытындылап айтқанда жоғары деңгейде - 180, орта деңгейде –  108 оқушының көрсеткіштері сай болды. Сонымен қатар 1-4,5-11 сыныптар арасында жоспарға сай темпераменті анықтау мақсатында тест алынды. Нәтижесінде:
1-4 сыныптар бойынша
Қараша айында  7-11 сыныптар арасында «Мен және Интернет» тақырыбында тренинг сабақ өтті.
Мақсаты: Интернетке тәуелділіктің алдын алу. Оқушылардың цифрлық беделін қорғау. 
Барлық оқушылар белсенді қатысты. Тренинг барысында оқушылардан сауалнама алынды. Сілтемесі оқушылар чатына жіберілді. Сауалнама мақсаты: тренинг тақырыбы бойынша оқушылардың пікірлерін білу. 
Тренингте оқушыларға психологиялық кеңестер берілді. Интернеттің пайдасы мен зиянды тұстары айтылды. Оқушылар әлеуметтік желі, интернеттік ойындар, интернетке тәуелділік туралы өз ойларымен бөлісті. Интернеттегі қауіп жөнінде бірнеше ұстанымдар айтылып, денсаулыққа  тигізетін зардаптары жөнінде де айтылды. «Өзіне немесе досына интернетке тәуелді болмау үшін не істеуге болады?» сұрағына оқушылар белсенді жауап берді. 
 5-11 сыныптардан «Балаларға көрсетілген зорлық-зомбылықты қалай түсінемін?» онанимді сауалнама алынды.
     Желтоқсан айында адаптация деңгейін анықтау мақсатында жоғарғы, орта, кіші топтармен жеке жұмыстар жүргізілді. 
        7-8 сыныптармен   «Аяқталмаған сөйлем», «Мен кіммін?», «Мен және менің достарым», «Жақсы көңіл-күй жан азығы» ,«Шаттыққа толы жүрекпен» тақырыптарында психологиялық тренингтер  өтілді . 
Желтоқсан айының 04-08 күндері аралығында «Психология – жан азығы» тақырыбында психология апталығының ашылу салтанаты болды.Апта бойында психологиялық тренинг сабақтар, сайыс сабақтар, дөңгелек үстел өткізілді.
Мектепте психологиялық алдын-алу жұмысы өте қажет, себебі ол балаға өзін-өзі тануға, өзін-өзі бағалауға көмектеседі. 
      Мотивациялық қалыптастыру жұмысы одан әрі жүргізіледі, себебі психологиялық және эмоциялық жағынан жайлы сезінуі осыған байланысты, көбіне бұл мұғаліммен тәуелді. 
       Мектеп ата-аналарына анкета және тесттер беріліп, ата-аналар жиналысында өз ойларын ортаға салады, бірақ өкінішке орай жиналысқа ата-аналар сынып жиналыстарына аз келеді. Бастауыш және ортаңғы буын сыныптары арасында «Достық» атты ойын өткізіледі.
             Дарындылықты анықтауда бірнеше жақта қарастырылды. Интеллектуалдық дарындылық, шығармашылық дарындылық, әртістік дарындылық, музыкалық дарындылық, техникалык дарындылық және спорттық дарындылық. Ғылыми жұмыс қорғауға баратын оқушылармен психологиялық жағынан сендер жұмыстарыңды жақсы қорғап шығасыңдар, барлығы дұрыс болады,  өздеріңмен қорғауға шыққан өзге мектеп оқушыларымен танысасыңдар, өздеріңі жаңа біліммен қатар достар табуларың мүмкін деген жадынамамен ақпараттандырылды. 
              Бастауыш сыныптарда психогеометриялық тест алынып, оқушылардың психологиялық қасиеттері анықталды. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттері де зертттелді.
Үлгермеуші оқушылардың ең алдымен үлгермеушілік себептерін анықтап алып оқушымен жеке әңгімелер өткізілді. Оқушылардың сабақтарына қатынасып, оларға қандай көмек қажет екені анықталды. Осы мақсатта оқушылармен сауалнама, тест алынып, оқушылардың қаншалықты деңгейде қабілеті бар екендігі анықталып, нәтижесі мұғалімдерге ескертіліп отырды. Өкінішке орай кейбір ата-аналар балаларына көңіл аударуды ұмытып кетеді. 
11 сынып оқушыларымен оқу жылының басынан жеке жұмыс жоспары бойынша жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың типтік ерекшеліктеріне байланысты қандай кәсіпке бейімділігі бар екенін анықтау мақсатында сауалнама алынды. Тестке қатынасқан оқушылар саны- 79 оқушы. 
Сонымен қатар, мектебімізде оқу жылының басында 5-11 сыныптардың жас ерекшеліктеріне қарай қыздар ерте жүктіліктің алдын алу мақсатымен арнайы жоспар түзіліп, бекітілген. 
        Жоғары сынып оқушыларына «Жыныстық қатынас арқылы жұғатын жұқпалы аурулардың алдын-алу» тақырыбында мектеп медбикелері баяндама оқып,түсініру жұмыстарын жүргізді. Жоспар бойынша  қыркүйек айында 6-8,9-11 сынып қыз балаларымен «Жасөспірімдердің физиологиялық және психологиялық дамуы» тақырыптарында  әңгіме,сұхбат жұмыстары жүргізіліп,«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» , «Жыныстық қатынас», «Құқық» тақырыптарында сауалнама алынып,нәтижелері шығарылды.
     Жоғары сынып оқушыларымен  «Өмір қымбатсың маған!» атты 9-11 сыныптар арасында тренингтер өткізілді. Мақсаты: Өмірге деген құштарлықтарын ояту.  9-11 сыныптар арасында кездесулер, сауалнама, тренинг, тест, әңгіме әдістері өткізілді.