"Intellectual game" » №7 «Тұран» мектеп-гимназия »КММ
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің
"№7 «Тұран» мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
декабрь
2023

"Intellectual game"


https://www.facebook.com/100004816391399/videos/1008065953592531/

"N7 "Тұран" МГКММ-де ағылшын тілі пәні апталығында   21.12.2023 жылы 10 сынып оқушылары арасында  "Intellectual game" өткіздім. Бұл зияткерлік ойынында ағылшын тілінде  барлық пән қамтылды.Тілге қызығушылықты осындай дүниетанымды кеңейтетін  сайыс арқылы арттыруға негіздеп, ынтымақ пен адамгершілікке тәрбиелеп отыруды мақсат еттім.   Оқушылар бар қызуғышылығымен ынта қойып, сұрақтарға жауап берді. Топтары мен төсбелгілерін ағылшын тілінде өте тамаша қорғап шықты. Топтың капитандары да өте белсенді сайысқа қатысты. Жасаған бейнероликтері де сапалы әрі мазмұнды болды. Жалпы  қатысушылар мен қазылар да көтеріңкі көңіл -күймен сайыстан қажетті мәліметтер алып әсерленіп қайтты.Бас жүлдені - 10В , 1 орынды - 10 Ә,  2 орынды - 10Б ойыншылары иеленді.Жеңімпаздарға арнайы өзім  әр топқа және сайыста белсенді болған жеке оқушыларға да   ҰБТ- ге қажетті оқулықтарды келесі жылға сәттілік тілей отырып,  сыйға тарттым.Керемет сайыс өтілуіне тікелей себепші болған қатысушы шәкірттеріме ризашылығымды білдіремін.Төрелік жасаған ұстаздарға да көп рахмет!