15
декабрь
2023
9-11 сыныптар арасында ағылшын тілінде «Cinderella” атты ертегісіне көріністі жоғары сынып оқушылары көрсетті.
| https://www.facebook.com/100012361658637/videos/649453600458739/ |
2023 жылы 15 желтоқсанда «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиалының ұйымдастыруымен педагогтердің кәсіби дамуын жетілдіру және қолдау, оның ішінде тәжірибе алмасу мақсатында «Педагогикалық шерулер» атты республикалық семинар Жетісай ауданына қарасты «Тұран» мектеп-гимназиясының базасында өтті.
Республикалық ”Педагогигалық шерулер” тақырыбында семинарда ағылшын тілі пәні мұғалімі, үйірме жетекшісі Абенова Алтын Адырбекқызы 9-11 сыныптар арасында ағылшын тілінде «Cinderella” атты ертегісіне көріністі жоғары сынып оқушылары көрсетті. Уйірме атауы “English on the Stage” яғни “ Ағылшын тілі сахнада” деп алынды.
Уйірменің мақсаты оқушыларды ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырып, еркін сөйлеп және де сахнада өзіне деген сенімділігін арттыру. Көрініс барысында заманауи, жаңашыл әдіс-тәсілдермен өтілді.
Сабақтың өту барысы, оқушыға қойылған мақсаты, талаптары,
оқушының жас ерекшелігіне, тиімділігіне сай алынған.
Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында ертегінің кысқаша үзіндісі “Видеоролик”ұтымды пайдаланылды. Осындай фокус арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық танымдық белсенділігінің арқасында өте жоғары деңгейде өз өнерлерін ағылшын тілінде барлығы өздеріне тиесілі персонаждарды сомдап шықты.
Сабаққа Жетісай ауданының мектеп директорлары,орыс тілі,геграфия,тарих, психология адіскерлері, ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысып өз бағаларын берді:
“Сабақ өте қызықты, көрнекілікпен, техникалық құралдар қолдану арқылы және оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, өзін сахнада еркін ұстап, ағылшын тілінде еркін сөйлеп, өз персонаждарын тура етіп сомдап арі қарай осы көріністің жалғасы болса екен деген ұсыныстар қалдырып өте жоғары деген баға берілді.