30
октябрь
2023
ИННОВАЦИЯ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ АЛАҢДА-2023
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
Жетісай ауданы білім бөлімінің 17.10.2023 ж күнгі №230-01/01/-51 хаты негізінде аудандық бейіндік оқыту орынбасарлары арасында «Инновация интеллектуалды алаңда» тақырыбында өткен зияткерлік сайысты Жетісай ауданы білім бөлімінің инновация бойынша әдіскері А. Қазманбетова мен «Тұран» мектеп-гимназиясының бейіндік оқыту орынбасары Аралбаев Табиғат ұйымдастырды.
Зияткерлік сайыс 6-турдан тұрды.
1.Блиц сұрақтар
2.Педагогика Блум таксаномиясы
3.Үш факт (Танымал тұлғалар)
4.Зияткерлік сұрақтар
5.Музыкалық фристайл
6.Капитандар сайысы
Жалпы сайысқа 4-команда қатысты. «Қыран», «Сұңқар», «Смарт», «Лашын» командалары өзара сайысқа түсті. Сайыс барысында түрлі деңгейлі сұрақтар қойылды. Өзара тартысты әрі тартымды болды.Логикалық сұрақтарға жауап беріп, кері байланыстар жасалды. Сайыстың ең қызықты туры «Капитандар» сайысы болды. Сұрақ миға шабуыл жасай отырып, ханталапай әдісі арқылы капитан команда өз ұпайларынан балл тікті.Яғни дұрыс болса ұпай саны қосылады, бұрыс болса шегеріледі. Сайыс соңында жеңіске жеткен
1-орын «Смарт» командасы
2-орын «Сұңқар» командасы
3-орын «Лашын» командасы
кәсіподақ комитетінен 1,2,3 дәрежелі дипломдар мен блакнот және картиналар табысталды.Зияткерлік сайыс туралы командадан бір мүше пікірін айтып, ұсыныс беріп, кері байланыс жасалды.Интеллектуалды сайысты ұйымдастырған АББ инновация бойынша әдіскері А.Қазманбетова мен «Тұран» мектеп-гимназиясының бейіндік оқыту орынбасары Аралбаев Табиғат әріптестерімізге алғыс білдіреміз!



