15
сентябрь
2023
"Қорқыттың нақыл сөздері" тақырыбында ашық сабақ өтілді
![]() | ![]() |
"N7 "Тұран " мектеп- гимназиясының" қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балтабай Роза Құдайбергенқызы 8 "Ә" сыныбымен "Қорқыттың нақыл сөздері" тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақ жаңартылған білім мазмұнына сәйкес өте қызықты , әсерлі өтті.Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп,әр түрлі топтық тапсырмаларымен жұмыс жүргізді.Атап айтқанда,"Сұрақты қағып ал","Екі жақты түсіндірме күнделігі","Бинго","Әңгіме жүргізудің Сократтық тәсілі" әдістері арқылы сабақты пысықтады.Сабақ соңында " Түйін сөзі" әдісі арқылы кері байланыс алынды.Қорқыт атамыздың күйлерін тыңдатып, ерекше көңіл -күймен сабақты қорытындылады.
Ұстазымызға шығармашылық табыстар тілейміз!

