12
сентябрь
2023
"М.Жұмабаев - тарихтан сыр шерткен зерделі ақын" тақырыбында ашық сабақ өтті
![]() | ![]() |
"N7 "Тұран" мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Алдабергенова Тұрсынай Жоракуловна 10 "В" сыныбымен қазақ тілінен "М.Жұмабаев - тарихтан сыр шерткен зерделі ақын" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында жаңартылған білім мазмұнына сәйкес келетін жаңаша әдіс-тәсілдер қолданылды. Атап айтқанда, сабақ басында " Сәлем-сөздің анасы" әдісі арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастырылды. "ҚҰНДЫ ПІКІР", "ФРИ" , "МҰҒАЛІМГЕ ХАБАРЛАМА" әдістері ұтымды қолданылды. Сонымен қатар, ӘТН бойынша ресми іс-қағаздар стилі бойынша алған білімдері пысықталып, тапсырмалар орындалды. Оқушылар М.Жұмабаевқа жазған мінездемелерін оқып, бір-бірін бағалады.
Сабақты жоғары деңгейде өткен Тұрсынай ұстазымызға шығармашылық табыс тілейміз!

