12
сентябрь
2023
«ЖЕР-2023» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
![]() | ![]() |
Жетісай ауданының білім бөлімінің хаты негізінде Жетісай ауданы әкімінің орынбасары С.Примбековтың 2023 жылғы 31 тамыздағы № 230-01/01-26/2421 хатына сәйкес "N7 "Тұран" мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11.09.2023ж күні сейсмикалық қауіпсіздік жағдайды күшейту мақсатында өңірлердегі жойқын жер сілкіністеріне азаматтық қорғау жүйесінің әзірлігі туралы «Жер-2023» жер сілкінісі сипатындағы төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл мен әрекеттер бойынша оқу-жаттығу жұмысы өткізілді.
Сейсмикалық оқу-жаттығу барысында оқушыларға апатты жағдайда білім мекемесінен сыртқа шығу тәртібі, авариялық шығу жолдарын қолдану, абыржу, қобалжуға жол беремеу, жарақат алғандар болса оларға алғашқы медициналық көмек көрсету, жалпы қоғамдық тәртіп пен қорғаныс ережелерін қатаң сақтау туралы түсіндіру және практикалық тұрғыдан көрсету жұмыстары жүргізілді.

