29
май
2023
«БОЯУЛАР ҚҰПИЯСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАС ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
![]() |
![]() |
![]() |
2023 жылдың 26 мамыр күні «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты - білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру, жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығын тәрбиелеу.
Байқау барысында 13-15 жас аралығындағы оқушылар арасында Натюрморт (Графикалық кескіндеме) номинациясы бойынша мектебіміздің атынан қатысқан Низамиддин Нұрсұлу қатысқаны үшін сертификатталды. Жетекшісі көркем еңбек пәні мұғалімі Орынбасарова Ақмарал.


